From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлытау ұлттық қорығы, Ұлытау ұлттық тарихи, мәдени және табиғи мұражай қорығы — географиялық-тарихи, табиғи-мәдени ескерткіштердің үлкен бір шоғыры орналасқан өлкені қамтитын қорық. Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 29 қарашадағы қаулысына орай құрылған, алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км.
Ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тұжырымдауынша, Ұлытау өңірі қола дәуірінің ірі металлургия ошағы болған, оның айғағы Арғанаты, Алтынқазған, Жартас, Қарашоқыдан табылған ертедегі тұрақтар болып табылады. Бұл өңірде байырғы көшпелі елдің ескерткіштері де кездеседі. Ұлытау тарихындағы бір ерекшелік – Кіші Жібек жолы бойымен Орталық Азияны Сібірмен жалғастырған үлкен керуен жолы өткен. Орталық Қазақстандағы жаңа зерттеулердің нәтижесінде Ұлытау төңірегінде мыңдаған жылдар бұрын мәдениеттің дамуы мен алмасуында күрделі өсу кезеңінің болғаны анықталды. 18–19 ғасырлардың басында жүргізілген зерттеулер тек ескерткіштерді тізімдеумен ғана шектелген. 1946 жылы Байқоңыр, Бұланты, Жезді, Қаракеңгір, тағы басқа өзендердің бойында үлкен барлау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде Жезді–Сарыкеңгір өзендерінің алаптарында Ұлытау, Арғанаты тауларындағы ежелгі адамдардың тұрағы анықталды. Әсіресе ертедегі дала көшпенділерінің тастан үйілген белгі-қорғандары осы өркениеттің көп құпиясын өз ішінде сақтап келді. Ұлытау ұлттық қорының географиялық-тарихи, табиғи-мәдени ескерткіштері республика ғалымдарының ғылыми-зерттеу еңбектерінің нысанына айналды.
Мұражай қорық аумағында ежелден келе жатқан (шамамен б. д. д. 5000 жылдар) некропольдар орналасқан. Олардың жалпы саны 200 -ге жуық. Қорық көлеміне 700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары.
Ұлытау өңірі өзінің тарихқа толы ескерткіштерімен ғана белгілі емес, табиғатында да ерекшелігі бар. Жалпы аумағы 18 млн. гектарды алатын қорық солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр, Байқоңыр, Майтөбе, Аралтөбе, Үш қағыл тау бөктерлерінен тұрады
География-ботаникалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктің 617 түрі өседі, оның ішінде дәрі-дәрмектік өсімдіктердің 400 түрі, малазықтық шөптің – 100, тағамдық өсімдіктің – 50, техникалық өсімдіктің – 70, улы өсімдіктердің 40-тан астам түрі, оның ішінде басқа жерлерде сирек ұшырасатын түрлері де бар. Бұл өсімдіктердің бірсыпырасы Қазақстанның Қызыл кітабын енгізілген. Мұнда таулы қыратты мекендейтін жануарлардың да (мыс., арқар, ақбас тырна, безгелдек, дуадақ, жыланшы бүркіт, қара дегелек, қыран, тағы басқалар) түрі мол.
«Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи ұлттық қорық-мұражайы - Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында орналасқан. Мұражай 2 қабатты ғимараттан тұрады. Жалпы ауданы 583,2 кв. м. Мұражай ғимаратында 8 бөлме орналасқан:
Мұражай қызметкерлері тарихи археологиялық ескерткіштерді қорғау, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 20 қараша № 295 бұйрығымен «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірілігінің белгісі» «Ұлытау» мұражай-қорығына 2006 жылы 6 желтоқсанда қабылданды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.