From Wikipedia, the free encyclopedia
Желдіадыр – Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі ұсақ шоқылы тау.
Желдіадыр тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
100-110 км |
Ені |
25-35 км |
Ең биік шыңы |
Сасықбастау |
Биіктігі |
748 м |
Орналасуы | |
49°26′39″ с. е. 68°06′41″ ш. б.49.44417° с. е. 68.11139° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Девонның граниті мен тас көмірдің тақтатасынан, төменгі жағы делювий, пролювий және аллювий шөгінділерінен түзілген.
Ендік бағытта доғаша иіліп жатқан суайрық. Абсолюттік биіктігі 748 м (Сасықбастау), ұзындығы 100 – 110 км, ені 25 – 35 км. Қырқалы, күмбез тәрізді, жалды болып келеді. Терісаққан, Қыпшақ, Керей, Жақсыкөң, Сарыкеңгір, т.б. өзендердің суайрығы. Оңтүстік-батыс беткейінде Ащыкөл көлі бар.
Топырағы қиыршықтасты, карбонатты бозғылт қоңыр. Беткейінде бетеге, жусан, селеу, аңғарында қайың, тал, көктерек, қараған аралас бұта өседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.