Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері:
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын алтын түсті металдан жасалған шеңбер пішінді келеді. Медалдың диаметрі биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.
Медальдың жоғарғы жағында диаметрі 12 мм болатын көлемді стильдендірілген шаңырақ (үйді, мемлекетті білдіреді) орналасқан. Шаңырақ астында оның төменгі бөлігін жабатын қыранның бейінді стильдендірілген басы (үйді, халықты, мемлекетті қорғаушыны білдіреді) орналасқан. Қыран басының бейнесі көлемді етіп жасалған, оның өлшемдері 19х16 мм. Медалді сағат тiлi бойымен айнала «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» деген жазу жазылған. Әріптердің биіктігі 2 мм. Медалдің төменгі жағында қыран басы бейнесінің астында «Қазақстан» деген жазуы бар таспа орналасқан. Таспаның ені 4 мм. Әріптердің биіктігі 2 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын түстес екі жолақшасы бар көктікен түсті жібек матамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақтардың ені 3 мм. Жолақтар арасындағы қашықтық 10 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы - 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес зәйтүн бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда үш жемісі бар 4 зәйтүн жапырағы көрсетілген.
Тағанның артқы жағында алушының киіміне бекітуге арналған сәйкес құрылғы бар.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медалдің айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.
Шеңбердің ортасында алтын (сары) түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтыр келеді.
Жұлдыздың ортасында — диаметрі 20 мм, көктікен (көк) түсті эмаль құйылған қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.
Қалқанды айналдыра мемлекеттік тілде: «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу жазылған.
Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медальдің бедері жылтыр келеді.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын (сары) түстес екі жолақшасы бар көктікен (көк) түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың ені 3 мм. Жолақшалардың аралығы 8 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.