From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлтарақов Қазтай (26 шілде 1925, Таушелек ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы) — қоғам қайраткері, ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан.[1][2]
1961 жылы Мәскеудегі Жоғарғы партия мектебін, 1966 жылы КОКП ОК жаныңдағы Қоғамдық ҒА-н бітіріп, экономика ғылымның кандидат дәрежесін алған. Майданнан оралған соң Кеген ауданның шаруашылықтарын (1944-57) басқарған. 1958-59 жылдары Кеген ауданы партия комитетінде 2-хатшы, 1961- 64 жылдары Балқаш, 1969-73 жылдары Іле аудандық партия комиттерінде 1-хатшы, 1966-69 жылдары Алматы облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1973-83 жылдары облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары. 1984-89 жылдары Қазақ жеміс-жидек ҒЗИ-н, Алматы ғылыми-өндірістік бірлестігін басқарды. 1989-91 жылдары Алматы халық ш. институтының аға ғылым қызметкері. 1991 жылдан облыстық шаруалар одағының төрағасы.
Ленин және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және Ұлы Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.