From Wikipedia, the free encyclopedia
Үшсаусақты шағала (лат. Rissa trydactyla) — Татреңтәрізділер отрядының Шағалалар тұқымдасына жататын Rissa туысының дене мөлшері көл шағала шамалас (500 г шамасында, қанатының алымы бір метрден сәл артады) шағала. Үшсаусақты шағала қанатының үстіңгі беті сұрғылттау келеді, қанат ұшында қара дақтар жоқ, қалған денесі - ақ. Аяғы - қошқыл сұр, тұмсығы - сары-жасылдау. Еуразия және Солтүстік Американың биік ендіктеріндегі жартасты жағалауларда қоныстанады. Шоғыр түзеді және дұрысын айтқанда әлеуметтік құстар. Ұялау кезінде ғана жағаға тәуелді, басқа уақыттарды ашық мұxитта өткізеді.
Үшсаусақты шағала | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Rissa trydactyla (Linnaeus, 1758) |
Бұл шағала негізінде ұсақ балықты жейді, дегенмен бунақденелілер және басқа жәндіктермен де қоректенеді, ал маусым қолайлы болса - тіпті жағалаудағы жидектерді де жейді.
Олар мұxит жағалауын бойлай бір орыннан екінші орынға көшеді, дегенмен континентке терең ұшып енгені де мәлім. Мәселен, үшсаусақты шағала Қазақстан, әсіресе Солтүстік Каспийге бірнеше рет келгені белгілі[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.