From Wikipedia, the free encyclopedia
Үрия (Ұлбосын) Әлтікқызы Тұрдықұлова (6 тамыз, 1911, қазіргі Шымкент облысы Сарыағаш қаласы - 1991, Алматы) - әнші, ұлттық опера өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1939).
1920 ж. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқыған. 1927 ж. Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты. Сол жылы Мәскеу консерваториясының ән бөлімінде (Мальчуктің класында) оқыды. 1930 ж. қазіргі Қазақ академия драма театрына шақырылады. Мұнда Н.В. Гогольдің "Үйлену" комедиясындағы Фекла Ивановна рөлін орындады.
1933 ж. қазіргі Қазақ академия опера және балет театрына ауысты. Қазақ, шет ел композиторларының операларында Теңге (И.В. Коңыктың "Айман-Шолпан" музыкалық драмасында), Ана, Дүрия, Қаламқас, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің"Қыз Жібек", "Жалбыр " және "Ер Тарғын") Күтуші әйел(П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегин"), Кармен (Ж.Бизенің осы аттас операсында) секілді сан қырлы толыққанды музыкалық образдар жасады. Үрия эстрадалық әнші ретінде қазақтың халық әндерін кеңінен насихаттады; өзбек, түркімен, татар, орыс, украин әндерін де орындады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1942 - 1943) Украин майданындағы жауынгерлерге концерттер берді. "Құрмет Белгісі " орденімен марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.