Пётр Ильич Чайковский (7 мамыр 1840, Воткинск, Вятская губерниясы, Ресей империясы — 6 қараша 1893, Санкт-Петербург) — Ресей композиторы, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі.
Quick Facts Негізгі ақпарат, Туған күні ...
Close
- 1852 жылы Чайковскийдің отбасы Санкт-Петербург қаласына қоныс аударды.
- Алғашында Құқықтану училищесінде (1850 — 59) оқып, оны бітіргеннен кейін Заң министрлігінде (1859 — 63) лауазымды қызмет атқарды.
- Бірақ музыкаға деген шексіз ынтызарлық оны орыс музыка қоғамының музыка класына (1861 — 62), одан кейін Санкт-Петербург консерваториясына (1862 — 65) алып келді. Консерваторияны үздік бітірген Чайковский аталмыш оқу орнында композитор А.Г. Рубинштейннен тәлім алды.
- 1866 ж. Мәскеу қаласына қоныс аударған ол ұстаздық етіп, консерваторияның проф. (1866 — 78) ретінде көп еңбектенді. Осы кезде 1-симфониясын (“Қысқы ойлар”, 1866) және “Воевода” операсын (1968) жазды әрі музыка сыншысы ретінде (1868 жылдан) танылды.
- Ол — Ресейде гармония туралы тұңғыш оқулық жазды. Орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері А.Н. Островский, П.М. Садовский, Н.Г. Рубинштейн, т.б-лармен жақын, пікірлес болу Чайковскийдің эстет.-көркемдік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал жасады.
- 1868 жылдан Чайковский “Құдіретті топ” композиторларымен шығарм. қарым-қатынаста болып, комп. М.А. Балакиревтің кеңесімен У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” трагедиясының сюжетіне увертюра-фантазиясын жазды. Жеке отбасылық өміріндегі сәтсіздіктен арылу мақсатымен бірнеше жылға шет елге кетуге мәжбүр болды. Осы кезде шығарған муз. шығармаларынан Чайковскийдің көп уақытқа дейін музыкадағы өзіне тән стилін таба алмағандығы байқалады. Н.Ф. фон Мекк деген әйел композиторға моральдық және материалдық көмек көрсетуі арқасында Чайковский қыруар, жемісті жұмыс істеді. “Опричник” (1872), “Ұста Вакула” (1874) опералары, “Аққу көлі” (1876) балеті, 2 — 3-симфониялары сияқты муз. туындыларынан Чайковский шығарм-ның жан-жақты толысып, өскендігі айқын байқалды. Ол өз шығарм-нда, әсіресе, бағдарламалық симф. музыкаға зор көңіл бөлді. Композиторлық қызметімен қатар Мәскеудің муз.- қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Ч. шығарм-ның шоқтығы биік туындыларының бірі — 4-симфониясы (1877) мен “Евгений Онегин” (1878) операсы болды. Бұдан кейін “Орлеан қызы” (1879), “Мазепа” (1883) опералары мен “Мәскеу” (1883) кантатасы, бірнеше сюита, концерттері өмірге келді.
- Композитор таланты Бүкілресейлік ресми орындары тарапынан танылып, ол 1884 ж. Әулие Владимир орденімен марапатталды.
- Көп ұзамай Чайковский Орыс музыка қоғамы бөлімінің директоры (1885, Мәскеу қ.) болып тағайындалды. Бұл кезде оның есімі Ресейден тыс, шет елдерге де кеңінен танылды. Өмірінің соңғы жылдары Чайковский дирижерлік өнерге көп көңіл бөлді.
- 1887 ж. 13 қаңтарда Мәскеу қаласындағы Үлкен театрда өзінің алғаш қойылған “Зер кебіс” операсына дирижерлік етті.
- 1887 — 93 ж. дирижер ретінде Ресейдің (Мәскеу, Санкт-Петербург) және Украинаның (Киев, Одесса, Харьков) көптеген қалаларында, сонымен қатар Батыс Еуропада (Германия, Чехия, Франция, Англия) гастрольдік сапарда болды. Осы тұста комп. И.Брамс және Э.Григпен танысты. 1891 ж. АҚШ-қа барып, бірнеше симф. концерттерге дирижерлік етті.
- 1892 ж. Француз ин-тының құрамындағы Әсемдік өнер академиясының корр. мүшесі, 1893 ж. Кембридж ун-тінің құрметті докт. болып сайланды.
- 1880 — 93 ж. аралығында “Сиқырлы сұлу” (1887), “Қарғаның мәткесі” (1890), “Иоланта” (1891) опералары мен “Ұйқыдағы ару” (1889), “Шаттауық” (1892) балеттерін, 5-симфониясын (“Патетикалық”, 1893), “Манфред” бағдарламалық симфониясын (1885), У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясының сюжетіне жазған увертюра-фантазиясын (1888), фортепьяно мен оркестрге арналған 3-концертін, т.б. муз. шығармаларын өмірге әкелді.
- 1893 ж. қазан айында Санкт-Петербург қаласында автордың басқаруымен тұңғыш рет 6-симфониясы орындалды. Чайковский 10 опера, 3 балет, 2 драм. спектакльге музыка, 6 симфония, 20-ға жуық оркестрге арналған шығарма, 4 концерт, 3 кантата, 3 квартет, трио және секстет, 100-ден астам фортепьяноға арналған пьеса, көптеген романстар, әндер, т.б. жазған. Чайковский шығарм-ның ең басты жанры симф. шығармалар. Л. ван Бетховеннен кейін дүниежүз. симф. өнерінің дамып жетілуіне Чайковский шығарм-ның мән-маңызы зор болды. Симф. музыканың асқан шебері атанған композитордың бұл саладағы еңбектерінің шыңы — 6-симфониясы (“Патетикалық”). Адамға деген сүйіспеншілік сезімге, сондай-ақ өмір қайшылықтарына қарсы наразылыққа толы бұл туынды сол кездегі алдыңғы қатарлы демокр. орыс өнерінің озық үлгілеріне жатады. Чайковский өз операларында небір тамаша ұмытылмас образдар галереясын жасады. “Евгений Онегин” операсында композитор қарапайым адамдар өмірінен “құпия, бірақ күшті драма” жазу идеясын іске асырды. Чайковский шығарм. балет өнерінің өркендеп, дамуы жолында жаңа кезең болды. Оның муз. туындылары барлық елдерде кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды.
Мәскеу және Киев қалаларындағы консерваториялар, Пермь қаласындағы опера және балет театры, Мәскеудегі концерт залы, көптеген муз. оқу орындары (колледждер мен мектептер; мыс., 1940 жылдан Алматы қаласындағы музыка колледжі мен көше) композитор есімімен аталды.
1958 жылдан Мәскеу қаласында (4 жылда бір рет) П.И. Чайковский атынд. пианинода орындаушылар байқауы өткізіліп тұрады. Композитордың Клин қаласындағы мұражай-үйі (1894) және Воткинскідегі мемориал мұражайы (1940) бар. 1939 жылдан Қазақтың мемл. академ. Қ.Байсейітов), “Қарғаның мәткесі”, “Иоланта” опералары; “Ұйқыдағы ару”, “Шаттауық” балеттері
К.Байсейітова, Р.Жаманова мен Х.Қалиламбекова(Татьяна), Б.Досымжанов, М.Абдуллин мен Ә.Дінішев (Ленский), Қ.Жандарбеков (Ротный), Ү.Тұрдықұлова (Күтуші әйел) мен А.Үмбетәлиев (Гремин; бәрі де “Евгений Онегин” операсында); Ә.Үмбетбаев (Герман) пен М.Мұсабаев (Елецкий; екеуі де “Қарғаның мәткесінде”); Р.Жұбатұрова (Иоланта) мен опера және балет театрында Ч-дің “Евгений Онегин” (реж. қойылып келеді; кезінде осы қойылымдарға Р.Абдуллин (Онегин), К.Бейсалиев Р.Байсейітова (Одетта —Одиллия), Р.Бапов (Зигфрид; “Аққу көлі” балетінде), З.Қастеева (Аврора), т.б. сынды әншілер мен бишілер қатысып, сахналық өнер биігінен көрінді.[1][2];[3];[4];[5][6]; .
Шығ.: Полн. собр. соч., т. 1 — 62, М., 1940 — 74
Әдеб.: Домбаев Г.С., Творчество П.И. Чайковского в материалах и документах, М., 1958; Должанский А.Н., Симфоническая музыка Чайковского, М.—Л., 1965
Туманина Н.В., Чайковский. Великий мастер, М., 1968
Чайковский М.И., Жизнь Петра Ильича Чайковского, в 3-х т., М., 1997
Ручьевская Е.А., Петр Ильич Чайковский. Краткий очерк жизни и творчества, М., 1998
Труайя А., Петр Чайковский и Надежда фон Мекк, М., 2004