From Wikipedia, the free encyclopedia
Антон Григорьевич Рубинштейн (28.11.1829, Мәскеу облысы — 20.11.1894, Ресей, Петергоф) — Ресей пианисі, композитор, педагог, дирижер. Рубинштейн Санкт-Петербургтегі Орыс музыкалық қоғамының негізін салушы, директоры, дирижері және музыкалық кластарын ұйымдастырушы болды. Осы музыкалық кластар негізінде 1862 ж. тұңғыш орыс консерваториясы құрылды. Ол Ресейде алғаш пианистер мектебінің негізін салды. Лирико-романтикалық бағыттағы шығармаларында шығыс халқының сазды колоритін жиі пайдаланды. Ол 16 опера (“Дмитрий Донской”, “Демон”, “Нерон”, т.б.), оратория (“Жоғалған жұмақ”), 6 симфония, симфониялық поэма, музыкалық суреттемелер (“Иван Грозный”, “Дон Кихот”), фантазия (“Ресей”), балет, оркестрмен бірге орындалатын 5 фортопианолық концерт, 160-тан аса романс пен ән, т.б. музыкалық шығармалар жазды. Қазақтың опера және балет театрында “Демон” операсы қойылған (режиссер Б.Нұрпейісов). [1] Анто́н Григо́рьевич Рубинште́йн (1829 жылдың 16 (28) қарашасында Подольск губерниясының Выхватинец қаласында дүниеге келіп—1894 жылдың 8 (20) қаңтарында, Петергофта қайтыс болған) — орыс композиторы, пианистші, дирижёр, музыкалық педагог. Николай Рубинштейн пианистінің ағасы.
Пианист ретінде Рубинштейн әйгілі фортепианолық орындаушылардың алдыңғы қатарында тұрады. Ол Ресейдегі кәсіби музыкалық білімнің негізін қалаушы болып табылады. Оның күшімен 1862 жылы Санкт-Петербургте алғашқы орыс консерваториясы ашылды. Оның оқушыларының ішінде ― Пётр Ильич Чайковский болды. оның шығармаларының бір қатары орыс музыкалық өнерінің классикалық үлгілерінің ішінде құрметті орынға ие болды.
Шексіз энергия Рубинштейнге сәтті түрде белсенді орындаушылық композиторлық, педагогикалық және музыкалық-ағартушылық қызметтерді бір бірімен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Антон Рубинштейн Подольск губерниясының Выхватинец ауылында дүниеге келді. Бай еврей отбасының үшінші ұлы болды. Рубинштейннің әкесі — Григорий Романович (Рувенович) Рубинштейн (1807—1846) —Бердичевтер тұқымынан шыққан, жас кезінен өзінің ағалары Эммануил және Абраммен, бөле ағасы Константинмен Бессарабс облысында жер жалдаумен айналысқан, екінші ұлы Яков туған кезде (болашақ дәрігер, 1827 — 30 қыркүйек 1863) екінші гильдияның көпесі болған. Анасы — Калерия Христофоровна Рубинштейн (туғанда Клара Лёвенштейн немесе Левинштейн, 1807 — 15 қыркүйек 1891, Одесса) — музыкант, пруссияның Силезии шыққан. А. Г. Рубинштейннің кіші әпкесі — Любовь Григорьевна Вейнберг (1903 жылы қайтыс болған) — одессалық қорғаушының, коллежск хатшысы Яков Исаевич Вейнбергтің әйелі болған, Петр Вейнберг және Павел Вейнберг әдебиетшілерінің әпкесі. Басқа әпкесі, София Григорьевна Рубинштейн (1841 — қаңтар 1919), камералық әнші, музыкалық педагог болған.
Рубинштейннің қызметі ылғи түсініле қоймайтын: көптеген орыс музыканттары, олардың ішінде «Мықты түйін» мүшелері де болған М. А. Балакиревтің және А. Н. Серовтың басшылығымен, консерваторияның шектен тыс «академизмнен» қорықты Рубинштейн концерттерін қоюды жалғастыра береді (соның ішінде өзінің шығармаларымен), үлкен жетістіктерін пайдаланып, 1860-70 жылдары «кучкисттермен» жақындасады. 1871 жыл Рубинштейннің үлкен шығармасының пайда болуымен байланысты ― «Демон» операсы..
Рубинштейн 1894 жылдың 20 қарашасында Петергофете қайтыс болды, Александр-Невск лаврының Никольск зиратында жерленді, кейін Некрополге қайта жерленді.
А. В. Оссовский сыншысының жазуы бойынша, "Рубинштейннің ақшалық жомарттығы керемет; жақындаса есептейтін болсақ, ол шамамен 300 000 рубльді қайырымдылыққа жұмсады"
Рубинштейннің атымен Тираспольдегі жоғары музыкалық колледж аталды, сонымен қатар композитордың 1887-1891 жылдар аралығында тұрған Санкт-Санкт-Петербургтегі Троицкая көшесіне композитордың аты берілді.
Петергоф қаласында, композитордың соңғы жылдары өткен жерде, оның атымен көшелер мен сол жердің музыкалық мектебі аталды.
Санкт-Санкт-Петербургтегі Троицк көшесіндегі № 38 үйде мемориалдық тақта орнатылды.
• «Жоғалған жұмақ»
• «Вавилон мұнарасы»
• «Моисей»
• А.В.Оссовский, Антон Григорьевич Рубинштейн, [Некролог, РМГ, 1894, 12]. в кн: А.В.Оссовский, Музыкально-критические статьи (1894 - 1912), "Издательство Музыка" Ленинград, 1971, стр. 20 - 28.
• Алексеев А. Д. Антон Рубинштейн. — М.-Л.: Музгиз, 1945. — 45 с. (Классики русской музыки).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.