Үлкен Келес каналы
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен Келес каналы – Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп жүзеге асырған су жүйесі. 1979 жылы құрылысы басталып, 1984 жылы алғашқы бөлігі пайдалануға беріле бастады.
Үлкен Келес каналы | |
Үлкен Келес каналы | |
Орналасуы | |
Елдер | Қазақстан Өзбекстан |
Аймақ | Түркістан облысы |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 96 км |
Су шығыны | 35 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Шарбақ су қоймасы |
· Бастауының орны | Ғазалкент қаласының солтүстігі |
41°34′35″ с. е. 69°45′44″ ш. б.41.576321° с. е. 69.762337° ш. б. (G) (O) (Я) | |
41°32′15″ с. е. 69°13′43″ ш. б.41.537633° с. е. 69.228734° ш. б. (G) (O) (Я) | |
— бастауы, — сағасы |
Жалпы ұзындығы 96 км-ге созылған каналдың құрылыс жұмыстары 1988 жылы аяқталды. Оның 40 км Қазығұрт, 25 км Сарыағаш аудандарының, 31 км Өзбекстан Республикасының территориясын суландырады. Су көзі Бостандық ауданындағы Шарбақ су қоймасы. Канал секундына 52 текше м-ге дейін су өткізуге жобаланса, іс жүзінде 35 текше м су алады. Мұндағы 16 су бөлгіш каналдар мен латоктар және жер асты су құбырлары (жабық су жүйелері) арқылы Қазығұрт ауданында 9294 га жер суғарылады. Оның 3162 га Қақпақ, 5495 га Қызылқия, 457 га Шарбұлақ, 180 га Қазығұрт ауыл әкімшіліктерінің жерін суландырады. Үлкен Келес каналына «Оңтүстік су шаруашылығы» республика мемлекеттік кәсіпорнының «Захкелес» филиалы иелік етсе, ондағы су бөлгіш каналдар мен жабық су жүйелеріне осы кәсіпорынның «Қазығұрт» филиалы басшылық жасайды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.