Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құзғын (лат. Corvus corax)[2] - торғайлар отряды қарға тұқымдасына жататын құс. Торғай тәрізділердің ең ірісі.
Құзғын | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Corvus corax Линней, 1758 | ||||||||||||||
Ареал
|
Еуразияда, Солтүстік Америкада, Солтүстік және Орталық Африкада сирек таралған. ТМД-да орманды аймақтардың солтүстігінен шөлдала мен таулы жерлерге дейін кездеседі. Өзен жағалауларындағы жарларды, жартастарды, биік ағаштарды мекендейді.
Ұшқан кезде қанаттарын сирек қағады, көбіне қалықтап ұшады. 4000 биіктікке дейін көтеріледі.
Ересектері ұя салған жерінде қыстайды, ал жас құзғындар үлкен топ құрып, қолайлы орындарға көшіп, үнемі қоныс ауыстырып отырады.
Жұптары тұрақты. Қазақстанның оңтүстік аумағында ақпанның алғашқы жартысында, солтүстік аймағында наурыз айында ұя салады. 4-6-дан жұмыртқалайды, жұмыртқалары көгілдір жасыл, қошқыл секпілді болады. Мекиені жұмыртқасын 19-21 күндей басып, балапан шығарады.
Құзғындар жем талғамайды, көбінесе өлексемен қоректенеді. Зиянды кемірушілермен, өлекселермен қоректеніп, табиғатты тазартып пайда келтіреді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.