Құбылай (қыт. 忽必烈,23 қыркүйек 1215[1] — 18 ақпан 1294[2]) – Шыңғыс ханның немересі, Қытайдағы Юань империясының негізін қалаушы. 1260 жылы Құбылай Шыңғыс хан империясының ұлы ханы болып сайланды. 1271 жылдан бастап қытай деректерінде Юань империясы, ал Құбылайдың ұрпақтары Юань әулеті деп аталды.
Құбылай Хан 忽必烈汗 | |
---|---|
Юань Империясының негізін қалаушы Құбылай хан портреті. | |
Тақта отыру жылдары | 5 мамыр, 1260 – 12 ақпан, 1294 (33) |
Таққа отыру | 5 мамыр, 1260 |
Ізашары | Мөңке хан |
Ізбасары | Темір хан |
Әйелі | Тегулен, Чәби, Намбуй |
Issue | |
Цэцэн хаан | |
Дәуір мерзімі | |
Zhongtong (中統) 1260–1264 Zhiyuan (至元) 1264–1294 | |
Өмір бақи есімі | |
Шэндэ Шэньгун Вэньу император (聖德神功文武皇帝) | |
Діни есімі | |
Шизу (世祖) | |
Династия | Юань |
Әкесі | Төле |
Анасы | Соргагтани Беки |
Туған күні | 23 қыркүйек 1215 |
Қайтыс болған күні | 18 ақпан 1294 (aged 78) Даду (Ханбалық) |
Жерлеу рәсімі | Бурхане Хальдун, Кэнтий провинциясы |
Арық Бұға мен Құбылай
Шыңғыс хан империясының Ұлы ханы Мөңке өлгеннен кейін ел бірлігі бұзылады. Билік үшін күреске ханның інілері Құбылай мен Арық Бұға таласады. «Жасақ» заңына сәйкес, хан сайлау үшін барлық қолбасшылар мен ханзадалар атамекені – Моңғолия жерінде құрылтайда бас қосуы тиіс еді. Бұл заңды Құбылай бұзады. Себебін, "Моңғолға да жаңа өзгеріс керек, ескімен жүрмейік",- деп түсіндіреді. Ол Қытайдағы жаңа моңғол қаласы Шандуде (Кайпин қаласында) жақтастарын жинап, өзін «хан» деп жариялайды. Оған 1260 жылы өткен Қарақорымдағы құрылтайда моңғол ақсүйектері «ұлы хан» сайлаған Төленің кіші ұлы Арық Бұға қарсы шығады. Империя екі жауласушы жаққа бөлінеді. Құбылайдың тәжірибелі жауынгерлері Арық Бұға әскерін тез арада талқандап, Қарақорымды басып алады. Бұдан кейін Құбылайға қарсы тұрар мықты ешкім шықпады. Империя біртұтас болудан қалды. Бұрынғы моңғол ұлыстары тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Жошы, Шағатай, Үгедей ұрпақтары империяның батыс бөлігін өзара бөліп алды. Иран жерінде Хулагу мен оның ұрпақтары билік құрды. Құбылай кішірейген астанасын Қарақорымнан Ханбалыққа (Пекинге) ауыстырып, өз империясын қытайша Юань деп атады. Оның ұрпақтары Қытайда Мин династиясынан жеңіліп, қуылғанға дейін жүз жыл билік етті. Осылайша Ұлы империя ыдырады. Оның ұлан-ғайыр жерінде көптеген жаңа мемлекеттер құрылды.
Құбылайдың таққа отырғаннан кейінгі жасаған жорықтары
Қытайдың көп бөлігін жаулап алған Құбылай, жаңа Юань династиясының негізін қалады. 1279 жылы оның әскері Сун империясының тас-талқанын шығарып, 1280 жылы Құбылай хан өзін император деп жариялады. Юань династиясы бүкіл Қытайға өз билігін жүргізді. Құбылай үшін құрлықтағы жаулап алған жерлері аз болды. 1266 жылы хан Жапонияға назар аударып, оны жаулап алуды мақсат етті. Ол корей вассалы арқылы жапон билеушісіне оған бағыну жөнінде хат жіберді. Егерде жапондар бағынбаса, күш қолданатынын ескертті. Құбылай хан күткендей, жапондар бас тартты. Хан әскері жорыққа әзірлене бастады. Көшпенділер кемелерді өздері жасамады. Олар бұл іске Корея және тағы да басқа жаулап алған жерлердегі шеберлерді тартты. 900 кемені жасау үшін бірнеше жыл керек болды. 1274 жылдың 3 қазанында корейдің Масан портынан шыққан қызыл желкенді кемелер, 19 қазанда Хата шығанағындағы Кюсю аралына келіп тоқтады, көшпенділер жапон жеріне аяқ басты. Бастапқыда Құбылай хан әскерлері жеңіске жетті. Бірақ кейін жапондарға көмек келудің арқасында, 20 қазанда хан әскері кемелеріне дейін шегіне бастады. Құбылай сәтсіздікті мойындағысы келмеді. Бірақ оған ауа-райы кедергі болды. 21 қазанға қараған түні күшті дауыл соқты, осының кесірінен хан әскері теңізге шығуға мәжбүр болды. Күшті жел 200 кеменің тас-талқанын шығарды. Әскери қимылдарды тоқтатып, флот Кореяға оралуға мәжбүр болды. Жапонияны жаулап алу ойынан Құбылай хан бас тартпады. 1276 жылы ол Оңтүстік Қытайды жаулап алып, бүкіл елге билік жасай бастады. Ол кеме жасаудың үлкен ресурстарына ие болды. Хан тез уақытта Қытайда және Кореяда флоттың санын көбейту туралы жарлық берді. Флотты күшейткен Құбылай хан 1281 жылдың көктемінде жорыққа аттанды. 142 теңізшісі бар 4400 кемелі флот Хакат шығанағына қайта келді. Бірақ, осы жылы жапондықтар қорғанысқа жақсы дайындалды. Жапондар жағада ұзын тас қорғанын салды. Бұл қорған көшпенділердің атты әскері үшін үлкен кедергі болды. Бастапқыда хан әскері Хаката шығанағының солтүстік-батысындағы Ики аралын жаулап алды. Кейін кемелер оңтүстікке Такасима аралына аттанды. Аралдың бүкіл халқын жойған хан әскері, жапондардың Хаката шығанағындағы негізгі әскерімен соғысуға дайындалды. Әскери күші басым Құбылай хан өз жеңісіне сенген еді. Бірақ бір ғажап оқиға орын алды. 1281 жылдың тамызында Кюсюде қатты дауыл соқты, кейін жапондар осы дауылды «камикадзе», яғни «құдай желі» деп атады. Бұл дауыл хан кемелерін қиратты. Желдің кесірінен бір-бірімен соқтығысқан кемелер суға батты. Тірі қалғандарды жапон әскерлері аямай өлтірді. Нәтижесінде ханның флоты талқандалды. Құбылай хан Жапонияны жаулап алу мақсатынан бас тартты. 1291 жылы Құбылай хан өз империясын 12 ауданға бөлді. Ханның есімі тарихта ұлы қолбасшы, реформатор ретінде қалды.
Әйелдері мен балалары
Құбылайдың 4 ордасы (орду) болған, әр қайсысын үлкен әйелі басқарған, оған басқа кіші әйелдері мен күңдері бағынған.
- Тегулун (Те-гу-лунь) — бірінші үлкен әйелі, 1260 ж. д. қайтыс болған.
- Чаби — екінші үлкен әйелі 1239 ж., 4 ұл және 5 қыз туған, 1281 ж. қ. б.
- Дорджи — 1-ші ұлы, 1240 ж. т., нәресте кезінде шетінеген.
- Чинким (Чжэнь-цзинь (қыт. «Сап алтын»)) — 2-ші ұл, тақ мұрагері, императорлық хатшылықтың басшысы, белгісіз аурудан 1285 ж. қ.б., император Темірдің (Чэн-цзуна) әкесі және Гаммала Цзинь-ванасы(мемлекет князі)
- Мангала — 3-ші ұл, Аньси князі (Шаньси пров.), 1280 ж. қ.б.
- Номухан — 4-ші ұл, 1266 г. Бэйпин-ван (Солтүстік Тыныштықтың князі), 1271 ж. Алмалықтағы әскердің бас қолбасшысы, 1276—1284 жж. Алтын Орданың тұтқынында болға, 05.1284 ж. Солтүстік Қытай шекарасы жөніндегі Департаменттің басшысы және Бэйань князі, 1292 ж. қ.б.
- Мяоянь — ханшайым, Таньчжэсы монастырына кеткен (Бат. Пекин).
- Ху-ду-лу Цзе-ли-ми-ши — ханшайым, 1273 ж. Корея королі Ван Чунның әйелі.
- Тарахан — үлкен әйелі.
- Баягуджин — үлкен әйелі.
- Намби — үлкен әйелі 1281 ж., Чабидің туысы, 1 ұл туған.
- ? — басқа әйелдерінен 7 ұлы болған
- Туган (Тогон) — Чжэньнан князі, 1285—1288 жж. Чампуге (Вьетнам) жасалған екінші сәтсіз жорықты басқарған, кейін Янчжоуға жіберілген.
- Кокочу — 1276—1284 жж. Алтын Ордада Номуханмен бірге тұтқында болған.
- Угэчи — ханзада
- Миклукан — ханзада
- Кутлук-Тимур — ханзада
- Куридай — ханзада
- Аячи — ханзада
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.