Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қосжақтаулылар - бақалшақты былқылдақденелілер класы. Көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда, біразы тұщы суларда тіршілік етеді. Ерте палеозой дәуірінен, (қазіргі Қосжақтаулы былқылдақденелілер, төменгі ордовиктен) белгілі, түр құрамының байлығы бор дәуірінде байқалған. Денесі, (ұзындығы бірнеше мм-ден 1,5 м дейін, салмағы 30 кг дейін) билатеральді-симметриялы, бүйір жағынан қысыңқы, аяқтары бар. Басы жоқ, (осыдан бір аталуы, Асерhаlа).Көп түрлерінің аяқтары сынатәрізді, (осыден тағы бір аталуы, Pelecypoda), қарапайым түрлерінде, жылжу табандары бар, қимылсыз тіршілік ететін түрлерінде ол жойылған, (мидии) немесе мүлдем жоқ, (устрицалар). Қосжақтаулы былқылдақденелілер көбінің аяқтарында субстратқа мықтап бекінетін берік жіптерді, (биссус) бөлетін биссусты бездері бар. Денесі еркін екі қатпармен жабылып тұратын және алдыңғы немесе артқы қысқа сифондармен жалғасуы мүмкін мантиямен қапталған. Бақалшақтары екі жақтаулы, (ұзындығы бірнеше мм-ден 1,4 м дейін), денені екі жақ бүйірінен қаптайды; кейбіреулерінде ол ішінен перламутрмен қапталған. Жақтаулардың шеттері иректелген, (тістер), құлып түзеді, оның құрылысы, жіктік белгілердің бірі. Жақтаулар 1-2 жапқыш-бұлшық еттермен жабылады, (аддукторлар), олардың антагонисттері, иілімді лигамент, жақтауларды жартылай ашық түрде қалдырады. Кейбір Қосжақтаулы былқылдақденелілер, (маржандылар, мидиялар, айқұлақтар) бақалшақ пен мантия арасына түскен бөгде зат перламутр қабаттарымен қапталып інжуге айналады. Ауыз қуысында екі жұп қалақ орналасқан. Асқазан соқыр қапшықтәрізді өсіндісінде, кристалды сабақшасы бар, (ас қорытуға қатысады және ағзаны анаэробты жағдайда оттегімен қамтамасыз етеді). Бауыры басқа былқылдақденелілермен салыстырғанда, үшбөлімді. Кейбір Solemyidae, (мысалы, солемий) бауыры мен ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Қарапайым түрлерінде желбезектері екіқанатты, кейбір түрлерінде бұлшыкетті қалқаға, көп түрінде желбезек тақтайшаларына айналған, (осыдан аталуы, Lamellibranchia). Жүйке жүйесі үш жұп түйіннен тұрады. Сезім мүшелері әлсіз дамыған; кейбір түрлерінде, (гребешки) мантияның немесе сифонның жақтары бойымен ішкі көздер орналасқан, желбезек тақтайшаларының негізінде қарапайым осфрадиилері кездеседі, статоцистері бар. Қан айналу жүйесі ашық. Көбі дара жынысты, сирек жағдайда гермафродитті. Кейбір түрлерінде жыныстық диморфизм анық байқалады, (мысалы, Thecalia concamerata). Ұрықтануы көп жағдайда сыртқы. Көбінде дамуы жүзгіш дернәсілімен ерекшеленеді, (велигер, глохидий). Кейбіреулерінде ұрпақты бағу сезімі дамыған, ұрпағын желбезектерінде жеткізу, (Unionidae). 3 отрядқа бөледі: теңтістілер, (Taxodonta), түрлі бұлшық еттілер, (Anisomyaria), нағыз тақтайжелбезектілер, (Eulamellibranchia), басқа жіктелу бойынша, 3 қатар үсті 14 қатардың (отряд), 130 қазіргі тұкымдас енеді. 1000-дай туысы, оның ішінде тридакндар, дрейссендер, миялар, пинналар, фоладалар, сердцевидкалар, макомдар, тригониялар, шаровиктер, айқұлақтар. 20 000-дай түрлері. (ТМД-да тұщы суларда 50 туысы 200 түрі, теңіздерде және тұзды суларда 160-дай туысы 400 түрі) кездеседі. Әлемдік Мұхитта кеңінен тараған, литоральдан абиссальға дейін, сонымен қатар тұщы суларда да. Тұнба суда азқозғалғыш жануарлар. 100-200 м тереңдікте биомассасы және тығыздығы бойынша су түбі фаунасын құрайды. Балықтар мен басқа теңіз жануарларының қорегі. Теңіз түрлерінің көбі ағаш пен тастарды теседі, кемелер мен гидротехникалық құрлымдарға зиян келтіреді. Кәсіптік маңызы бар жануарлар, (жылдық аулауымы 2,9-3,1 млн. т 1978-80 жылдары) және аквамәдени жануарлары.
Қосжақтаулылар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||
| ||||||
түрлері | ||||||
9,200 түрі белгілі |
Айқұлақ судың түбінде мекендеп, сондағы құмға денесінің доғаланған алдыңғы бөлігімен көміліп жатады. Дене тұрқы он сантиметрдей. Жотасынан майысқақ сіңірмен байланысқан екі жақтаулы бауыр жағынан ашылып - жабылатын бақалшағы болады. Бақалшақтардың арасынан ай не құлақ тәріздес пішіндегі аяқтары көрінетіндіктен айқұлақ деп аталады.
Айқұлақтың бақалшағынан былқылдақ денесі көрінеді, басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралады. Аяғының қасында айқұлақтың аузы көрінеді. Ауыздың екі жағында қармалауыштары және тіл тәрізді аяғының екі қапталында тақташалы желбезектер болады. желбезектерді кірпікшелер қаптап жатады. Сол кірпікшелер қимылдағанда су кіріс симфонынан еніп, шығару сифонынан сыртқа шығады. Сифондар айқұлақтың артқы жағында бірінің үстінде бірі орналасады. Су астыңғы кіріс сифонымен енгенде, онымен қоса ұсақ жәндіктер де айқұлақтың бақалшағына енеді де, судың ағынымен аяқтың үстіңгі жағындағы ауызға барып, үлкен тоспаұлуға ұқсас- асқорыту жүйесіне түседі. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі, жұтқыншағы жоқ, сондықтан қорек алдымен өңешке, одан қарынға және ішекке өтеді. Айқұлақтың бауыры жақсы жетілген , оның өзегі қарынға ашылады.
Айқұлақтың астыңғы сифоны желбезек сифоны деп аталады, өйткені сырттан енген су шапаншадан желбезек арқылы сүзіліп, айқұлақтың тынысалу қызметін атқарады. Жәндіктің желбезектерінде газ алмасады. Айқұлақтың қанайналым жүйесі жүректен және содан таралатын қантамырлардан тұрады. Оның жүрегі жәндіктің арқа жағында орналасады, ал қан ішкі мүшелер аралығындағы саңылауға құйылады, яғни оның қанайналымы- ашық жүйелі.
Айқұлақ бүйрегі арқылы зәр шығарады.
Қосжақтаулы былқылдақденелілер баяу қозғалып, белсенді қоректенбегендіктен, олардың жүйке жүйесі нашар дамыған. Жүйке жүйесі бірімен-бірі жүйке талшықтарымен жалғасатын үш жұп жүйке түйінінен құралады. Бұлардың сезім мүшелері дамымаған. Айқұлақта арнаулы сезім мүшелері болмайды.
Айқұлақ-дара жынысты жәндік, бірақ оның аталығын аналығынан айыру оңай емес. Аталық айқұлақ сперматозоидтарын тікелей суға шашады, су арқылы сперматозоидтер аналықтың кіру сифонымен оның денесіне енеді. Осы арада олар ұрықтанып, жұмыртқадан дернәсіл дамиды. Дернәсілдер шығару сифоны арқылы сыртқа шығады. Олар балықтың денесіне немесе желбезегіне жабысып, сөлімен қоректеніп жетіледі. Біраз уақыттан соң дернәсілдер жас былқылдақденелі жәндікке айналып, иесін тастап, су түбіне түседі. Бұл айқұлақтың даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететінін көрсетеді.
Басқа қосжақтаулы былқылдақденелілер тәрізді айқұлақ бақалшақтың жақтауларын түйістіргіш бұлшықеті арқылы ашып жабады. Бақалшақ әктен түзіледі, оны меруерт қабаты астарлайды,бірақ айқұлақта серуерт қабаты нашар дамиды, сыртқы мүйіз тәрізді қабатының түсіне байланысты айқұлақ қоңыр жасыл реңді болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.