Қонақ жүгері немесе Сорго (лат. Sorghum) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық Өсімдіктер тегі. Текті тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда егіс алқаптары мен суармалы жерлерде өсетін 5 түрі бар. Жиі кездесетіні – Алеп құмайы (sorghum halepense).

Quick Facts Құмай жүгері, Ғылыми топтастыруы ...
Құмай жүгері
Thumb
Sorghum bicolor
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Panicoideae
Тайпасы: Andropogoneae
Тегі: Sorghum
L.
түрлері

30 түрі белгілі

Close

Ботаникалық сипаттамасы

Өсімдіктердің биіктігі шамасы 1 – 1,5 метрдей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас, тамыры жақсы жетілген.

Жапырақтары ұзын, диаметрі 1 – 3 сантиметр.

Көп гүлді сыпыртқы гүлшоғырының биіктігі 60 сантиметрдей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы – үш, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдейді.

Жемісі – дән. Құмай – улы өсімдік, оның құрамында дуррин атты улы глюкозид, синиль қышқылы, сабағында крахмал мен қант бар. Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күзде жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң, ревматизм және жүйке ауруларын емдейді. Ертеректе құмай өсімдігімен мерезді емдеген. Көк шалғынын мал жайылымы ретінде де пайдалануға болады. Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ, қызыл бояу және балауыз алынады. Сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады.[1]

Түрлері

Пайдаланған әдебиетттер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.