From Wikipedia, the free encyclopedia
Қатын, хатын, хатун (парсы: خاتون Хатун, түр. Hatun, тат. хатын, қыр. катын, моңғ. хатан, бур. хатан, соғд. xwatēn – «ханым» немесе «әміршінің әйелі») — Түрік қағанатында, Моңғол империясында және Осман империясында кеңінен қолданылған «хан» ер титулына ұқсас әйел атағы. Батыстың «императрица», «царица», «королева» титулдарына шамамен сәйкес келеді.
Түркі-моңғол әлемінде кең тараған көптеген басқа атаулар сияқты «хатун» атауы да басқа (үнді-еуропалық) тіл тобынан, нақтырақ, соғды тілінен шыққан[1][2][3].
Ислам Орта Азияға енгенге дейін «хатун» атағын Бұхара патшайымы алған. Ислам энциклопедиясына сәйкес[2]:
“ | Хатун — соғды тектес титул, оны Ашина тегінен шыққан хандардың әйелдері мен әйел жынысты туыстары қолданған. | ” |
Осман империясында Валиде (Сұлтанның анасы) атағы құрылғаннан кейін кәнизактар осылай аталды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.