ежелгі Орта Азиядағы тарихи аймақ From Wikipedia, the free encyclopedia
Соғдиана — Суяб қаласынан Кешания мемлекетіне дейінгі ел, оның тұрғындары да, тіл-жазуы да осылай аталады. Соғды жазуының негізгі таңбалары көп емес, бар жоғы жиырмадан астам ғана, сөздер таңбалардың орын ауыстыру арқылы жасалады. Құрама сөздерден мәтін құралады, жазулар тігінен оқылады. Олардың жазу-сызулары ұстаз-тәрбиешілер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа таралып, сақталып отырды. Жұрты киіз, шекпен, былғары және матадан қысқа және тарлау етіп киім тігіп киеді. Олар шаштарын тегіс қылып тарап, төбесін ашық қалдырады немесе тұтас тақырлап қырып тастап, маңдайына түсті жібек орамал байлап жүреді. Соғдылар ұзын бойлы, ал мінез-құлқы жағынан қорқақ, жүрексіз, әдетте сараң әрі өтірікші, өте-мөте жауыз болып келеді. Ата-бала арасында да пайдакүнемдікті күйттейді, бардамдықты дегдарлық деп біледі, алайда атқамінерлерінің жай бұқарадан айырмашылығы жоқ, сондықтан да әуелі асқан бардам кісі болса да жөнсал киініп, жұтаң тамақтанып жүреді. Тұрғындарының жарым-жартысы егіншілікпен, жарым-жартысы саудамен айналысады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.