Қаратау жотасыМаңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.

Quick Facts Сипаттамасы, Пайда болған кезеңі ...
Қаратау жотасы
Thumb
Маңғыстау түбегіндегі Қаратау жотасының етегі
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Пермь

Ұзындығы

110 км

Ені

12 км

Ең биік шыңы

Бесшоқы (тау, Маңғыстау облысы)

Биіктігі

556 м

Орналасуы

44°12′49″ с. е. 52°08′20″ ш. б.44.21361° с. е. 52.13889° ш. б. / 44.21361; 52.13889 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

Thumb
Қаратау жотасы
Thumb
Қаратау жотасы
Close

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (556 м).

Жер бедері

Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ - Батыс Қаратауда, Жаманүшқұз - Шығыс Қаратауда) бар. Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры барланып ашылған. Қаратау сілемдерінен су алатын 20 шақты орын бар. Олардың ішінде ең ірілері- Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Онды, Жармыш, Ағашты, Аусары, Күркүреуік, Керіз, Доллы апа. Бұлардағы су мүмкіндігі 1,5-тен 6,3 л/с дейін, ал атпалы түтіктердегі 5-15 л/с ке дейін, кей жерлерде 23 л/с дейін (Қарақұдық), кей жылдары бірсыпыра су көздерінің (Тұщыбек, Шайыр) өнімділігі көктемде 15-25 л/с жетеді. Пайдаланатын су қоры әп түрлі әдіспен есептегенде 260 л/с деп бағаланады.

Өсімдігі

Беткейінде жусан, қараған, етегінде тасбұйырғын өседі. Аңғары – жайылым.[1][2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.