Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаратау ауданы – Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атын атақты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт ұсынды.[3]
Қала ішіндегі аудан | |
Қаратау ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Қаласы | |
Әкімі |
Рахымберді Жанысбекұлы Мүлкеманов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60 |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
322,56 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
354 349[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (69,58%), өзбектер (22,89%), орыстар (3,88%), басқалары (3,65%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 7252 |
Автомобиль коды |
17 |
Қаратау ауданы Шымкент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Тұран ауданымен шектеседі. Оңтүстік-шығыс бөлігі Әл-Фараби және Еңбекші аудандарымен шектеседі.
Аудан шекарасы Бәйдібек би даңғылы мен Жошы хан көшесінің қиылысынан басталады.
Жошыхан көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 10600 метр, қаланың "Нұрсәт", "Қайтпас-1", "Тұран", "Шымкент Сити", "Бозарық", "Бозарық-3" шағын аудандарының бойымен қаланың солтүстік шекарасына сәйкес келетін айналма автожолға (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) жетеді.
Одан әрі қаланың солтүстік шекарасымен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 7300 метр, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің қиылысына дейін жетеді.
Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің қиылысынан қаланың солтүстік-шығыс шекарасымен өтіп, "Береке" шағын ауданын, "Мәртөбе" тұрғын алабын айналып өтіп, ұзақтығы 8700 метр, Жібек жолы даңғылының (Шымкент-Алматы трассасы) қиылысына дейін жетеді.
Жібек жолы даңғылынан (Шымкент-Алматы трассасы), ұзақтығы 25000 метр, қаланың солтүстік-шығыс шекарасымен өтіп, "Қызылсу" тұрғын алабын (Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылына бағыт), "Өтеміс" тұрғын алабын (Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылына бағыт), "Шапырашты" тұрғын алабы (Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарамұрт ауылына бағыт) айналып өтіп Сайрам өзені арнасының қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Сайрам өзенінің арнасымен, ұзақтығы 20800 метр, батыс бағытқа бұрылып, "Шапырашты" тұрғын алабын айналып өтіп, Ю.Сареми көшесін, "Базарқақпа" тұрғын алабын, "Тұрдыабад" тұрғын алабын қиып өтеді, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен солтүстік бағытта Мукуми көшесінің қиылысына дейін бұрылады.
Мукуми көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 700 метр, Әмір Темір көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Әмір Темір көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1700 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлерді айналып Гозахан көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Гозахан көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1700 метр, Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Әл-Фараби көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1700 метр, Ибрагим ата және Момынов көшелерінің қиылысына дейін жетеді.
Ибрагим ата мен Момынов көшелерінің қиылысынан, ұзақтығы 4600 метр, темір жол бойымен (М.Қалмырзаев көшесі) М.Әуезов көшесіне шыға отырып, солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, одан әрі К.Тіленшин көшесіне және ол арқылы солтүстік бағытта Жібек жолы даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Жібек жолы даңғылымен, ұзақтығы 3450 метр, батыс бағытқа бұрылып, Х.Пазиков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Х.Пазиков көшесімен Ө.Жәнібеков көшесіне шыға отырып, ұзақтығы 3000 метр, солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, оның бойымен батыс бағытта С.Бәйтереков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі С.Бәйтереков көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 900 метр, Жошы хан көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Жошы хан көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1050 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Қаратау ауданына 28-ден астам елді мекендер мен шағын аудандар енгізілген. Қаратау ауданы "Азат", "Ақжайық", "Асар", "Бозарық", "Достық". "Достық-2". "Қайнар бұлақ". "Қайтпас", "Қызылсай", "Мәртөбе", "Мирас" (жартылай), "Нұрсәт", "Нұртас", "Орманшы", "Өтеміс", "Сайрам", "Тәжірибе бекеті", "Таскен", "Тассай", "Тұран", "Шапырашты" шағын аудандары мен тұрғын алаптарын біріктірді.
Ауданның ұлттық құрамы (2019 жылдың басына):
Барлығы – 218 733 адам (100,00 %)
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.