From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарында.
Айыртау ауданы, Қарасай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде.
Жерленуі – XVII ғасыр, мемориалдық кешен – 1999 жыл. Сәулетшілері – Б. Ибраев және С. Ағытаев.
Ескерткіш нысан Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батырлар – Қарасай мен Ағынтайдың құрметіне салынған. Сәулет тұрғысынан кешен көне түркі дәстүрін жалғастырып және басты белдігі бойынша Меккеге қарай бағытталып салынған. Конус тәрізді мұнаралардың биіктігі 16 м. Мұнаралардың арасында барлық кешенді бірыңғай бейнеге біріктіретін, биіктігі 12 м болатын мешіт орналасқан. Барлық композициялық элементтер шеңбердің "ішіне сызылған" (қоршау құрылысының диаметрі 27 м). Жоба бойынша құрылыс өлшемі 19x13,5 м құрайды. Кесененің алдында құрбандық салтына арналған алаң салынған.
Кешеннің жанында көптеген жауынгерлер жерленген. Граниттен салынған іргетас үстіндегі алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлік айбынының нышандары ретінде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескіннің біріктірілген найзалары орнатылған. Мемориал ортасында, кесенелер арасында қос батырдың ерліктері қабырғаға қашап жазылған пинотека залы бар. Кесенеге кіру есігі металдан жасалған, олардың беттерінде Құран сүрелері ойылып жазылған.
Ішкі көріністерін өңдеу барысында керамикалық кірпіш, Күрті және Қордай граниттері пайдаланған. Құлпытастар жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған.
Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушілер оны жағып, аруақтардан көмек берулерін сұрай алады. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшін қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тіреулеріндегі шырақтар бар. Кесенелер белсенді қажылық орны болып табылады. Адамдар аты аңызға айналған батырлар күш пен батылдық береді деп сенеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.