From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаракөл, қаракөл елтірісі – туғаннан кейін 2 – 3 күн ішінде сойылған қозы терісі.
Елтірі қойдың қаракөл, соколов, решетилов сияқты арнайы тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Ең сапалы және көп өндірілетіні – қаракөл елтірісі.
Енесінен буаздығының 135 – 140-күндері, мерзімінен бұрын, шала туған қозының елтірісі қаракүлше, жылбысқы деп аталады және жоғары бағаланады. Елтірінің шелі жұқа әрі берік. Осыған байланысты елтіріден тігілген киім жеңіл болады, ұзақ киіледі. Сапасы мен құндылығы түсіне, түгінің бұйралығына, мөлшеріне байланысты. Түсі, көбінесе қара (мөлдір қарадан солғын қараға дейін), көк (ашық көктен қара көкке дейін), кейде сұр, қоңыр, қызғылт, ақ болады. Елтірінің толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа бұйра гүлді (ені 4,5 – 7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) болып бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі жоғары бағаланады.
Қаракөл елтірісін өндірумен республикада Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының қой шаруашылықтары айналысады. Елтіріден бөрік, ішік, т.б. тігіледі, жаға жасалады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.