РКФСР құрамындағы автономиялық республикалардың бірі (1920–1936) From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
1920—1925: Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы قىرعىز اۆتونوميالى كەڭەستىك سوسياليستىك رەسپۋبليكاسى Киргизская Автономная Социалистическая Советская Республика 1925—1936: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы قازاق اۆتونوميالى كەڭەستىك سوسياليستىك رەسپۋبليكاسى Казахская Автономная Социалистическая Советская Республика Қазағыстан / قازاعىستان Автономиялы Кеңестік Социалистік республика | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Орынбор (1920—1925) Қызылорда (1925—1927) 1927 жылдан бастап Алматы | ||||||||
Тіл(дер)і | қазақша, орысша | ||||||||
Аумағы | 2 983 564 км² (Қарақалпақ АО-мен бірге, 1930 жылға дейін) 2 852 619 км² (Қарақалпақ АО-сыз, 1930 жылдан кейін) | ||||||||
Халқы | 6 503 000+ адам (1926) | ||||||||
Басқару формасы | Унитарлы Кеңестік республика | ||||||||
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.