From Wikipedia, the free encyclopedia
Янг Соух Тегін (Янсу тегін) — Түрік қағанатының батыс аймағының ханы, батыс аймақ билеушісі Қара Шұрын Түріктің екінші ұлы. Пайкенд және Бұхараның билеушісі.
Янг Соух тегін | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
587 — 589 | ||
Ізашары | Төремен Апа-хан | |
Ізбасары | Елтегін Бұйрық | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 589 Герат | |
Династия | Ашина | |
Әкесі | Қара Шұрын Түрік | |
Балалары | Елтегін Бұйрық қаған Басыл Тегін қаған Шегу қаған Тон қаған Мохо шад | |
өңдеу |
Янг Соух Тегіннің есімі қытай деректерінде өте аз кездеседі. Мұның себебі, ол қағанаттың жоғарғы билеушісі болмаған.[1] Деседе ол Батыс Түрік қағанаты тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі. Өйткені Батыс Түрік қағанатындағы билеуші династияның негізін Янг Соух тегін қалаған. 587 жылы біртұтас қағанат қаған мен батыс аймақ билеушісі Қара Шұрын Түрік арасындағы алауыздық салдарынан әлсірей бастады. Қытай дипломаттары қағанды абыройлы хандардың бірі Төремен Апа-ханмен соғысуға арандатты. Нәтижесінде Төремен Қара Шұрын Түрікпен одақтасып қағанға қарсы шықты. Кейіннен бұл одақ тарап кетті де, Төремен Бұхарадан 40 шақырым жердегі Пайкенд қамалын басып алды. Апа-хан Бұхара халқына қысым көрсеткендіктен, байлар қашып кетсе, кедейлер қағанаттан көмек сұрады. Қара Шұрын Түрік қағанмен келісіп Төремен Апа-ханға қарсы жорыққа аттанды. Әскерді Ашина Чулохоу қытай байрақтарымен бастап келді (Төременге қарсы қытай әскері жорыққа аттанды деген сыбыс таратты). Ал шығыс жақтан Қара Шұрын Түріктің екінші ұлы Янг Соух тегін аттанды. Онымен қоса оларға Баға Ышбара ханның ұлы Тұлан және Қара Шұрын Түріктің үлкен ұлы Күлік Сібір де қосылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.