Басыл Тегін қаған

From Wikipedia, the free encyclopedia

Басыл Тегін, Поши-Дэлэ - Елтегін Бұйрық қағанның інісі әрі мұрагері. Ашина әулетінің Істемі ханнан тараған таомағының өкілі. Істемі хан - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Басыл-тегін. 603 жылы Тардуш қаған Қытайдан жеңіліс тауып, хабарсыз кеткеннен кейін Түрік қағанатында дүрбеллең басталады. Атасының ізін сала қағанаттың батыс бөлігінің билеушісі Елтегін Бұйрық қағанда қайтыс болады. Қытайдың қолдауына ие болған Жанғар қаған таққа отырады. Бірақ, оның құрылтайсыз билікке келуі батыстағы тайпаларға ұнай қоймайды. Олар Тардуш қағанның ұрпақтарын билікке әкеліп, қағанатты бөліп алуға әрекет жасайды. Осы оқиғалардан сескенген қытайлар тақ мұрагері Басыл тегінді астанаға алдап шақырып алып, сарайдағы бір шендінің қызына үйлендіріп, өздерінде ұстап қалады. Ал, Батыс қағанатта дулу тайпаларының қолдауымен билік басына Елтегін Бұйрық қағанның кәмелет жасына толмаған ұлы Таман қаған отырады. Сөйтіп, "қас пен көздің" арасында Манчжуриядан Азов теңізіне дейінгі ауқымды территорияны жаулап алып, билеп-төстеп тұрған далалық империя Түрік қағанаты екіге бөлініп кетеді.

Тағы қараңыз

Quick Facts Өмірбаяны, Діні ...
Басыл Тегін
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Әкесі Янг Соух тегін
Жұбайы қытай ханшайымы
Close

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.