From Wikipedia, the free encyclopedia
Эйзель трагедиясы — 1985 жылғы Еуропа Чемпиондары кубогының финалдың ойынында болған оқиға. Матчта "Ювентус" және "Ливерпуль" клубтары өзара ездесті. Ойын 1985 жылы 29 мамырда Брюссельдегі "Эйзель" стадионында өтті.
Мақаланың авторы — Тұрсынбек Раушанұлы[1]
Ойын басталмай жатып-ақ екі жанкүйерлер арасында кішігірім қақтығыстар орын алды. Бір топ бұзақылар әшекейлер дүкенінің терезесін сындырып ішіндегі 10 миллион франкқа жуық қымбат бұйымдарды ұрлап кетті. Оларға ешқандай полияция өкілі кедергі келтірмеген. Ойын кезіндегі екі команда жанкүйерлерінің қақтығысын болдырмау үшін олардың арасындағы трибунаға жергілікті көрермендерді орналастырады. Бірақ сол аймаққа имгрант италиялықтар яғни "Ювентус" жанкүйерлері де кіріп кетеді. Ойын басталуына аз уақыт қалғанда ливерпульдік жанкүйерлер де осы сектордан табылады.
Бұдан бөлек осы секторға жалғасып кеткен Х, Z және Y секторлары да арзан болып, отыратын орындықтар жоқ болатын. Табиғи түрде ағылшын жанкүйерлерімен лық толды. Ойын басталуына 45 миинут қалғанда екі жақ жанкүйерлері қауіпсіздік үшін қойылған секторлар арасындағы ағаштарды сындырып, нәтижесінде екі сектор арасындағы жергілікті көрермендер отырған аймақ төбелес майданына айналады.
Одан шошынған италиялық жанкүйерлер трибунамен төменге қарай қаша бастаған. Бельгия полициясы тағы қателесіп, жанкүйерлерді бұзақылармен шатастырып, шығатын есікті жауып тастайды. Керісінше барлық есікті ашып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялап, қауіптің бетін қайтару керек еді. Төбелестің қызғаны сонша, одан қашқан көрермендер төменге түсіп, бұзақылармен сектор арасын бөліп тұратын бетон мен темір торларға қысылып қалады. Нәтижесінде 39 адам көз жұмған.
Бұл кезде футболшылар киім ауыстыру бөлмесінде болып, төбелестен бейхабар еді. Ал білген кезде ойнауға мәжбүр болады. "Қақтығыс өршімеуі үшін біз ойнауға мәжбүр болдық. Жанкүйерлер біз үшін қаза тапты, ал біз кек алдық", – дейді матчқа қатысушы және кейін УЕФА президенті болған Мишель Платини.
"УЕФА ойынды тоқтатпады, қақтығыстың одан әрі өршуін, көрермендерді сыртқа алып шығу кезіндегі қиындықтар нәтижесінде құрбандар саны артып кетуінен сақтанды", – делінген УЕФА баяндамасында.
Қайғылы оқиға нәтижесінде 39 адам қайтыс болды. Олардың 32-сі италиялық, 4-еуі бельгиялық, 2-еуі француз және 1-еуі ирландия азаматы еді. 600 көрермен түрлі дене жарақатын алды. Осы қақтығыстың орын алуына жанкүйерлерден бөлек УЕФА-ның да кінәсі бар. Себебі, қауіпсіздік шаралары мүлдем қарастырылмаған "Эйзель" стадионында ойын өткізуге өз келісімін берген.
Ал Брюссель полициясы бұл оқиғаның алдын алуға мүмкіндігі болған. Олай дейтініміз, финал ойынынан бірнеше күн бұрын оларға ағылшын әріптестерінен факс келген. Ол жерде Англияда бұзақылығымен танылған, арнайы тізімде тұрған жанкүйерлердің тізімі болған. Дәл осындай мазмұндағы хатты Римде болып өткен "Рома" – "Ливерпуль" финалы алдында да жергілікті полицияшылар алған екен. Олар мәліметтерді дұрыс пайдаланып, кездесуді қауіпсіз ұйымдастыра алған. Брюссель тәртіп сақшылары бұл мәліметтерді пайдаланбай, ағылшын мен италиялық жанүйерлерді бір-біріне көрші етіп орналастырған.
УЕФА тексеру кезінде ағылшын жанкүйерлерін ресми түрде кінәлі деп тапты. Алғашында "Ливерпуль" әкімшілігі еурокубоктарға қатыспайтынын мәлімдеді. Көп өтпей Ұлыбритания үкіметі барлық ағылшын клубтарын еурокубоктарға қатысуына тыйым салды. Ал FIFA басқа елдің клубтарына ағылшын клубтарымен жолдастық кездесу өткізу және басқа да кез келген келісім шарт жасасуға тыйым салды. УЕФА алғашында "Ливерпульді" 3 жылға кейін барлық ағылшын клубтарын 6 жылға ойыннан шеттетті.
"Тіпті қазір арада бірнеше жыл өтсе де осы оқиғаның болғанына сенгім келмейді. Сол күннен бастап құрбан болғандар үшін күнде дұға жасаймын. Осы қайғылы оқиғадан соң УЕФА кубогының мен үшін ешқандай маңызы қалған жоқ. Мен әлем чемпионы атандым, скудеттоны жеңдім, мұнымен мақтана аламын. Бірақ, Чемпиондар лигасы кубогын жадымнан мүлде өшіріп тастадым. Осы ойыннан кейін де мен доп тептім. Бірақ "Миландағы" мансабымда мен емес, көлеңкем ойнаған секілді. Жас кезімдегідей көп жарақат алдым және бұрынғы формама қайта оралмадым. Осы финалдан кейін менің футболдағы мансабым бітті десе де болады", – дейді Паоло Росси.
"Сол күнгі оқиғаны тоқтату мүмкін емес болатын. Сол уақытта мұндай қақтығыстар тек ағылшын командалары арасындағы ойындарда емес, барлық Еуропада өршіп тұрған еді. Бұл машинисті жоқ пойызды тоқтатумен бірдей. Кезі келіп оны тоқтату керек болды. "Эйзельден" кейін мұндай қақтығыстар азайды. Бірақ, бұл бізге қымбатқа түсті", – дейді "Ливерпуль" фан клубы жетекшілерінің бірі Джералд Маккинли.
Арада 30 жылдан аса уақыт өтсе де қанды қырғынның нақты себебі анықталған жоқ. "Эйзель" трагедиясы себебінің бірнеше болжамы бар:
Матч 1:0 есебімен "Ювентустың" жеңісімен аяқталды.
1985 жылдан кейін қос клуб тек, 2005 жылы Чемпиондар Лигасының жартылай финалында кездесті. Энфилдтегі бірінші ойында жергілікті жанкүйерлер алаңдағы таблоға "Достық" деп жазды, өз кезегінде туриндік жанкүйерлер қос команда алаңға шығып жатқанда кері бұрылып, арқасындағы достық жазуын көрсетті. Қарымта ойында италиялықтар қақтығыс қаупі жоқ болса да, қатаң қауіпсіздік шараларын қарастырды.
Англия клубтары бес жылға еурокубоктерден шеттетілді.
1995 жылы стадион бұзылып, орнына "Бодуэн Падища" стадионы тұрғызылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.