From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарықасқа (Сарғасқа), Ырсай Бәйімбетұлы (туған-өлген жылдары белгісіз) – батыр. Сарықасқа Ырсай батырдың тар маңдайлы, басының шашсыз тақыр болуына байланысты қойылған лақап аты. Елін басқыншылардан қорғап, Жем мен Арал бойына қоныстандыруда ерлігімен көзге түскен. Көптеген ұрыстарда қарулас серігі Есекей батырмен тізе қосып қимылдаған. Өрістері де бірге болған. Сарықасқа атында ру бар. Ауызекі әңгімелерде Сарықасқа Тайлан, Сарышырпы Тайлан деп қосарлана айтылады.
Тайлан, Сарышырпы атында жер атаулары бар. Сарықасқа атында Сам құмының солтүстігінде Есек жалдап 24 км жерде ұзындығы 25 км ойпаң бар. Кезінде Сарықасқа ойпаңында 4 құдық және Сарықасқа атты бұлақ болған.
1826 жылы 19 ақпанда полковник Ф.Бергтің экспедициясы Сарықасқа бұлағының басына тоқтаған. Сонымен қатар бұл экспедиция Сарышырпы сайына да аялдаған.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.