Шегіргүл (лат.Viola) – шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.
Ботаникалық сипаты
Сабағы тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді.
Гүлі дара, қос жынысты, гүлсерігі екеу. Аналыққа қысылған аталығы бесеу, жіпшелері қысқа, алдыңғы екі аталығы қапшық сияқты шірнелік. Аналығы бір ұялы, көп тұқымды түйін, аналық аузы қатпарлы.
Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.
Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.
Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.[2][3]
Имханицкая Н. Н. Семейство фиалковые (Violaceae) // Жизнь растений. В 6-ти т. Т. 5. Ч. 2. Цветковые растения / Под ред. А. Л. Тахтаджяна. — М.: Просвещение, 1981. — С. 40—45.