From Wikipedia, the free encyclopedia
Шағбан (араб.: شعبان Ежелде арабтар су іздеуде шыққанда ‘бөлініп’ шығатын) (Үндістан мен Пәкістанда - шаб-и барат) - мұсылмандық ай күнтізбесіндегі сегізінші ай. Исламға дейін Шағбан төрт қасиетті айдың бірі болып саналған, себебі ежелгі араб күнтізбесі бойынша осы айға жазғы күннің ұзарып барып тоқырауы сәйкес келетін. Исламдағы Шағбан мәні, негізінен, мұсылмандық дәстүрге негізделген әрі күн тоқыраған күні, оның алдындағы және оған дейінгі күндерде ежелгі арабтар тұтынған діни ғұрыптармен де байланысы бар. Көптеген халықтар дәстүрінде марқұм болғандарды еске алу уақытты саналатын, ескі жыл аяқталып, жаңа жыл бабалар мезгіл түрінде қабылданған бұл күндері күнәдан арылу рәсімдері, дәлірек айтқанда ораза ұстау рәсімі қолданылған болуы керек, кейін осы рәсімді Ислам діні де қабылдаған. Алайда, ортағасырлык Ислам әлемінде Шағбан күндерін ерекше құрметтеуге бола ма, болмай да деген мәселе туралы раджаб (ораза) айындағы діни ғұрып төңірегіндегі айтысқа ұқсас қым-қиғаш пікірталас өрістеді. Шағбанды құрметтеуді бида («ұят жаңалық») деп есептеп, оны хадистер негізінде дәлелдеген пікір де болды. Соған қарамастан Шағбан күндері қосымша ораза ұстау (басқа да діни жоралғылар атқару) дәстүрі кең таралды, ал осы айдың Исламға дейінгі Арабияда да ерекше қастерленген 15-і күні Ислам ғұрпында ең танымал халықтық мерекелердің бірі - Лайлат әл-бара'а («Жасаған күні», әдетте мұны «Азат түні», басқаша айтқанда күнәйі кешу түні деп түсіндіреді) күніне айналды, бұл мереке сипатында Лайлат әл-кадр (қадыр түні) мерекесіндегі сияқты ежелгі жаңа жылдық салтанат белгілері сақталған. Мұсылман халықтарының сенімі бойынша Шағбанның 14-тен 15-ке қараған түні жапырақтарына жер бетіндегі тірі адамдардың бәрінің есімі жазылған өмір ағашы бір сілкініп алады. Есімдері жазылған жапырақ құлап түскен адамдар сол жыл шегінде қайтыс болады-мыс. Бұл түні Аллаһ дінге сенушілердің өзіне бағытталған намазының өтеуі ретінде олардың күнәсін кешу үшін «көктің төменгі қабатына» түседі. Лайлат әл-бара'а түні «Иасин» сүресін оқу дәстүрге айналған. Марқұм болғандарға және күнәдан тазаруға бағышталып оқылатын намаз бұдан өзгеше. Үндістан мен Пәкстанда бұл түні қайыршыларға тамақ үлестіріледі, тәтті тағамдар әзірленеді, безендірілген салтанат өткізіледі. Шағбанның 13-тен 15-не дейінгі кезең «ақ түндер (күндер)» деп аталынып, бірқатар елдерде бұл күндері ораза ұсталады. Шағбан айының 3-і Пайғамбарлық (с.а.у.) немересі әл-Хұсайынның туған күні болып есептеледі, ал Шағбан айының 5-і Пайғамбарлық (с.а.у.) тағы бір немересі Хасанның туған күні ретінде атап етіледі. Шағбанның 15-і - Құбыланың Иерусалимнен Меккеге ауысқан күні. Шағбан айының Ислам әлеміндегі мәні бұл айдың атауына әл- муаззам («қастерлі») эпитетінің тұрақты тіркеуі арқылы білдіріледі.[1]
Григориан күнтізбесі | Һижри | Бірінші күн Григориан күнтізбесі | Соңғы күн Григориан күнтізбесі |
---|---|---|---|
2005 | 1426 | 5 Қыркүйек | 3 Қазан |
2006 | 1427 | 25 Тамыз | 22 Қыркүйек |
2007 | 1428 | 14 Тамыз | 12 Қыркүйек |
2008 | 1429 | 2 Тамыз | 31 Тамыз |
2009 | 1430 | 23 Шілде | 21 Тамыз |
2010 | 1431 | 13 Шілде | 10 Тамыз |
2011 | 1432 | 2 Шілде | 31 Шілде |
2012 | 1433 | 21 Маусым | 19 Шілде |
2013 | 1434 | 10 Маусым | 8 Шілде |
2014 | 1435 | 30 Мамыр | 27 Маусым |
2015 | 1436 | 19 Мамыр | 17 Маусым |
2005 пен 2015 жылдар аралығындағы Шағбан күндері |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.