Хадис (араб.: حديث‎), көпше: ахадис. Жаңалық, хабар, әңгіме) — мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын, Мұхаммедтің ﷺ сөзі мен істерін дәріптейтін аңыз-әңгімелер. Хадис - Құраннан кейін екінші құқықтық құжат.

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сөзі мен істеріне негізделген мұсылман қауымының әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын ғибрат сөздер, әңгімелер. Хадистің мән-жайын баяндайтын бөлімін матн (араб.: متن‎) десе, сол матнды баяндап жеткізуші адамдар тізбегін иснад (араб.: إسناد‎) деп атайды. Хадис баламасы — асар және хабар. Хадис жинағы сунна деп аталған, Құраннан кейінгі құқықтық құжат. Құдси хадис — Аллаһтың сөзі деп танылып, хақиқат жайлы рухани мәндер кейінгі ойшыл әулиелердің рухани ізденісіне негіз болған. Мұсылман ілімінде иснадтарды салыстыра отырып, хадистың тазалығын тексеріп отыратын арнайы пән бар. Хадистерді тексерудің қағидалары мен ілімін зерттеп сын елегінен өткізетін мамандарды мухаддистер деп атайды. Хадис орта ғасырларда мұсылман мәдениетінің ең негізгі білім көзіне айналды. Хадис ғылыми еңбектердің бірден-бір дәйектемесі, сондай-ақ мақал-мәтел, нақыл сөздер ретінде де кеңінен пайдаланылады.

«Хадис» сөзiнiң мағынасы

«Хадис» сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жаңа, сөз, әңгiме. Шарғи мағынасы — Пайғамбарымыздың ﷺ айтқан сөздерi, iстелген iстерi мен төрелiктерiнiң жинағы.

Хадис пен сүннәттiң айырмашылығы

Мухаддистердiң (мухаддис — хадис ғалымы) айтуынша «хадис» және «сүннет» сөздерi шарғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, «хадис» және «сүннәт» – Пайғамбардың ﷺ айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шариғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарына үңiлер болсақ, арасында бiршама айырмашылық барын аңғарсақ болады.

«Хадис» – сөйлеу және айту арқылы келген хабар. Әрi Пайғамбардың ﷺ сөзi не болмаса iстеген амалы «хадис» деп айтылады. ғұламалардың кейбiрi «хадис» сөзiнiң «жаңа» деген мағынасы бар екенiн ескере тұрып, оны «қадим» (ескi, бұрын болған) сөзiне қарсы мәндес сөз ретiнде қолданып, «қадим» дегенде қасиеттi Құран Кәрімдi, ал «хадис» дегенде Пайғамбарымыздың ﷺ сөздерiн назар тұтқан. Осы себептен ғұламалардың көпшiлiгi Аллаһ Тағаланың сөзi болған Қасиеттi Құран Кәрімдi «хадис» деуден сақтанған.

«Сүннәт» сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жол. Шариғи мағынасы – Пайғамбарымыздың ﷺ iстеген iсi, ұстанған дiни жолы. Бұған дәлел ретiнде «хадис» және «сүннәт» сөздерiнiң түпкiлiктi мағынасынан хабардар болған ғұламалардың: «Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмаға (ижмағ - ғалымдардың ұжымдық қаулысы) қарсы келедi», «хадис имамы (ғалымы)», «сүннәт имамы», «хадис және сүннәт имамы», — деген сөздерiн келтiрсек болады.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.