From Wikipedia, the free encyclopedia
Шарбақты ауданы — Павлодар облысының шығысындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Шарбақты ауылы.
Қазақстан ауданы | |||
Шарбақты ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
7 | ||
Ауыл саны |
27 | ||
Әкімі |
Сержан Ерғалымұлы Иманкулов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №51 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
52°30′00″ с. е. 78°09′36″ ш. б.52.50000° с. е. 78.16000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
6,9 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
18 981[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (43,55 %) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
141100-141113 | ||
Автомобиль коды |
14 | ||
1928 жылы 17 қаңтарда құрамында Володарский ауданы бар барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округі құрылды. Володарский ауданы (орталығы Вознесенка ауылы) 1930-шы жылдардың басында Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап ауыл-советтерге бөлінді. Володарский ауданы 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпинский және Галкинский болып екіге бөлінді.
1963 жылдың 2 қаңтарында аудан Цурюпиский ауданынан Щербактинский болып өзгертілді. Орталығы Щербакты ауылы Павлодар қаласынан солтүстік–шығыста 85 шақырым қашытықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы біздің ауданның тарихында кеңінен орын алды.
Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташлық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды, 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді.
Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылық соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі.
Ауданда Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппай көшірілуі сияқты үлкен қоғалыстар айналып өткен жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 адам көшіріліп келген.
Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірніші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидай совхоздарының негізін қалады.
Аудан солтүстігінде Успен ауданымен, шығысында – Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Аққулы ауданымен, батысында – Павлодар ауданымен шектеседі.
Климаты көктем-жаз айларындағы құрғақшылығымен, жазда жоғары, қыста төмен температурамен, тәулік ішінде температурасының құбылмалығымен көрінетін қатал континентальды келеді. Қаңтардың орта температурасы −18º-19ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Аудан климатының сипатты ерекшілігі жауын-шашынның, көбінесе көктем айларындағы аз мөлшері болып табылады. Атмосфералық жауын-шашынның орташа мөлшері 250—300 мм.
Аудан аумағы кең көлемді Батыс-Сібір жазығының бөлігі болып табылатын Құлынды жазығында жатыр. Жер бедері жатықтық жазық түрінде келеді, ол ақырындап солтүстік жал тәріздес жоғарылаудан оңтүстік тегіс ойпаңдарға тоғысады. Аудан аумағының орталық бөлігі Маралды, Қабантақыр, Мәмбеткөл, Ащытақыр, Қостақыр, Сейтен секілді ірі көлдердің шұңқырларымен бөлінген тегіс жер бедері болып келеді. Аудан жер қойнауында табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Көп таралған топырақ қою қызғылт және қызғылт, сонымен қатар сортаң, кейде шабындық топырақтар да кездеседі.
Аудан аумағы қою-қызғылт топырақтағы бетегелі-түрлі шөпті жазық, сортаң және тұзы топырақтағы галофиттік жазықтар болып келеді. Оңтүстік-шығыс жағы құмдағы қарағай ормандарымен жабылған. Қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, қабан, ондатра, үйрек, қаз және басқалары мекен етеді.
Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)
1999 жылы халық саны — 29,0 мың адамды, 2012 жылы — 21,3 мың адамды құрады.
27 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Александров ауылдық округі | 2876 | ▼1824 | 63,4 | 1425 | ▼929 | 65,2 | 1451 | ▼895 | 61,7 |
Галкин ауылдық округі | 2121 | ▼1775 | 83,7 | 1090 | ▼933 | 85,6 | 1031 | ▼842 | 81,7 |
Жылыбұлақ ауылдық округі | 2440 | ▼2219 | 90,9 | 1116 | ▲1139 | 102,1 | 1324 | ▼1080 | 81,6 |
Орлов ауылдық округі | 1113 | ▲1147 | 103,1 | 546 | ▲575 | 105,3 | 567 | ▲572 | 100,9 |
Соснов ауылдық округі | 1363 | ▼941 | 69 | 681 | ▼487 | 71,5 | 682 | ▼454 | 66,6 |
Шалдай ауылдық округі | 2771 | ▼2441 | 88,1 | 1391 | ▼1249 | 89,8 | 1380 | ▼1192 | 86,4 |
Шарбақты ауылдық округі | 9182 | ▼8899 | 96,9 | 4408 | ▼4376 | 99,3 | 4774 | ▼4523 | 94,7 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 21866 | ▼19246 | 88 | 10657 | ▼9688 | 90,9 | 11209 | ▼9558 | 85,3 |
Аудан аумағы бойынша Павлодар—Барнаул, Маралды—Тауылжан теміржолы, Павлодар—Барнаул, Шарбақты—Шалдай, Шарбақты- Успен автомобильді жолдары өтеді.
Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, астық шаруашылығы. Тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, жүн, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімді өндірумен 16 ЖШС, 117 шаруа қожалығы мен 6741 жеке қоныс айналысады. 2001 жылы 62 мың тонна астық, 1,8 мың тонна күнбағыс, 23500 тонна сүт, 4600 тонна ет, 6,7 миллион дана жұмыртқа, 32 тонна жүн өндірілді. 28 қайта өңдеу обьектілері бар: 5 диірмен, 3 жармаүккіш, 6 майшайқағыш, 2 сүтті қайта өндіру цехы, 3 шұжық цехы, 2 макаронды цех, 7 жабдықталған наубайхана.
Шарбақты ауданында 28 орта жалпы білім беру мектептері, 4 мектепалды мекемелері мен 1 кәсіби мектеп-лицей қызмет етеді.
Ауданға Шарбақты орталық аудандық ауруханасы қызмет етеді.
1931 жылдан бастап аудандық «Трибуна» газеті шығарылып келеді. Ауданда Шарбақты орталық аудандық кітапхана бар.
Монументалды тарихи ескерткіштер:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.