1) өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші цех) құрылымдық бөлімшесі; белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі.[1]
2) орта ғасырларда қалалық қолөнершілердің кәсіптер бойынша біріккен бірлестігі. Ортағасырлық қалалардың қалыптасу кезеңі 11 — 12 ғ-ларда Батыс Еуропада, Францияда, Англияда, Германияда, Италияда дүниеге келіп, 13 — 14 ғ-ларда толық даму кезеңіне жетті.[2]
Түрлері
Көмекші цех (орыс.Цех вспомогательный) — негізгі өндіріске немесе зауытқа түгелдей технологиялық қызмет ететін цех.
Қыздырып қалыптайтын цех (орыс.Цех горяче штамповочный) — қыздырылған дайындаманы баспақта немесе тоқпақта қалыптап, соғылма (поковка) өндіретін цех.
Құйманың негізгі бөлігі (орыс.Цех отливки основная) — құйманың тетік жасайтын бөлімі.
Құрал-сайман цехы (орыс.Цех инструментальный) — қалып, соққыш, әр түрлі құрал жасайтын цех.
Ұсталық цех (орыс.Цех кузнечный) - тоқпақта соғып, соғылма жасайтын цех.
Ұсталық-қалыптау цехы (орыс.Цех кузнечно-штамповочный) — ыстықтай қалыптайтын қос иінді баспақта жөне көлденең соғу машинасында қалыптап соғылма жасайтын цех.[3]
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0