From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық бірліктер жүйесі (кейде Халықаралық өлшем бірліктері жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — бірліктер жүйесінің халықаралық үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.
1960 жылы, Парижде өткен өлшем мен салмақ жөніндегі ХІ жалпы конференциясында барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып қабылдаған физикалық шама бірліктері жүйесі ұсынылып бекітілді.[1] Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18 негізгі конференцияларда жүйелене түсті. Кеңес одағы оны 1963 жылдан бастап қолдана бастады (ГОСТ 9867 — 61), әрі 1982 жылдан бастап оны қолдануды міндеттеді.
Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Халықаралық бірліктер жүйесі арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды.
SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.
Берілген кестеде Халықаралық бірліктер жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттік, кельвин — жылулық, кандела — жарық, моль — молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.
Метр, килограмм, секунд бірі-бірімен үйлестіріліп қолдануы мүмкін. Бұл әртүрлі өлшемдер жасайды. Мысалы, көлем, қуат, қысым, жылдамдық дегендер үшін.
Кей уақытта үлкендеу мен кішілеу өлшеу мағыналарын айтқанда, өлшем атаулары алдына арнайы префикс қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграмм — 1/1000 грамм бөлшегі. Осы арнайы префикстер үшін төменгі кестені қараңыз.
Атауы | йотта- | зетта- | екса- | пета- | тера- | гига- | мега- | кило- | һекто- | дека- |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Халықаралық белгілеуі |
Y | Z | E | P | T | G | M | k | h | da |
Еселігі | 1024 | 1021 | 1018 | 1015 | 1012 | 109 | 106 | 103 | 102 | 101 |
Атауы | деси- | сенти- | милли- | микро- | нано- | пико- | фемто- | атто- | зепто- | йокто- |
Халықаралық белгілеуі |
d | c | m | µ | n | p | f | a | z | y |
Еселігі | 10−1 | 10−2 | 10−3 | 10−6 | 10−9 | 10−12 | 10−15 | 10−18 | 10−21 | 10−24 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.