Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
1870—1871 жылдардағы франк-прусс соғысы — бір жағынан Наполеон III империясы және басқа жағынан герман мемлекеттері мен олардың басындағы еуропалық гегемонияға талпынған Пруссия арасындағы әскери қақтығыс. О. Бисмарк канцлерімен арандатылған және формалды түрде III Наполеонмен басталған соғыс Францияның жеңілуімен және құлдырауымен аяқталды. Нәтижесінде Пруссия Солтүстік Герман одағын біріккен Герман империясына айналдыра алды.
Франк-прусс соғысы | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын |
Франк-герман шекарасы, Шығыс, Солтүстік-Шығыс және Орталық Франция | ||
Себеп |
III Наполеонның Германияның бірігуіне қарсылығы | ||
Нәтиже |
Пруссия мен оның одақтастарының жеңісі :
| ||
Аумақтық өзгерістер |
| ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Тараптар күші | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
1869-70 жылдары Францияда бонопартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Еуропада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықты басу керек, ал ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу қажет. Наполеон III «Еуропаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Еуропада Францияның ықпалы орнайды» — деп ойлады және Германияның бытыраңқылығын сақтап калуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды. Осындай жолдармен бонопартистер өз әулиетін күшейтуді армандады, сондықтан бұл бонопартистердің жеке мүддесінен шыққан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды, себебі Пруссия елді біріктіруді аяқтағысы келді, Германияның Бавария, Вюртемберг, Баден, Швабия княздіктерін қалай болса да қосу қажет болды. Ал Франция болса бұған кедергі жасағысы келді. Пруссия бүл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылдан бері соғыс жоспарын дайындаған болатын, Аустрия-Мажарстанды да бейтараптылыққа көндірген. Пруссияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды. Бүл соғыс осы елдің тарапынан обьективті болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықтар аяқгалды. Енді әскери қақтығысқа бір сылтау керек болды.
Бұл сылтау Испанияның тағына мұрагер отырғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында Изабелла королевасы қуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге үсынылды, ал бұны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты, бірақ бұның өзі де француздарға жеткілікіз болды, олар I Вилгельмнің Леопольдке таққа таласуына тыйым салуын сұрады. Бисмарк бұл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. I Вилгельм бүны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтынын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министрі Лебеф былай деді: «Біз соғысқа дайынбыз, өте дайынбыз» — деп мәлімдеді. Франция 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға соғыс жариялады. Франк-прусс соғысы басталды.
Ал шындап келгенде Франция соғысқа дайын болмай шықты. Азық-түлік жеткіліксіз екен, әскер басшылары канша күш барын білмеді, жәшіктердегі оқ-дәрінің орнына кұм толтырылып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабуылға шыға алған жоқ. Оларға неміс әскерлері үш рет қатты соқкы берді. 4-тамызда Вейсенбург түбінде, 6-тамызда Шпихернде соққы берілді. Бүл хабарды естіген француз халқы демонстрацияға шықnы. Францияның армиясы енді бұл үш сокқыдан кейін соғыс бастамасын қолына ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бүйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бүл империяның бет пердесін ашты. Францияның дағдарысқа ұшырап отырғанын дәлелденді. Седан түбіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1870 жылы 4-қыркүйекте Париж халқы республиканы талап етті. Бүл 4-қыркүйек күнгі революция кезінде республикашылар буржуазияның басшылары Гамбетта және Жюль Фабр болды. Халықтың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер үкімет мүшелерінің құрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің құрамын олардан бүрын жариялап жіберді. 1870 жылы басталған франк-прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды. Бұл оқиға буржуазиялық-демократиялық революция болды және ол франк-прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бұл соғыс енді отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Германияның тарапынан болса, бүл соғыс Франциядан жер алуды көздеген әділетсіз соғысқа айналды. Франциянын халқына енді Германиядан қорғану керек деген сипатта болды, сондықтан үлттық қорғаныс үкіметі жариялады.
Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бұдан үкімет қорытынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19-қыркүйек күні 230 мың әскерімен 100 мың адаммен қорғалған Парижді қоршады. Базен әскері 27-қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады. Бұл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды кұрылды. Елдің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтік бақылау комитеті күрылды. Бүған 20 округ қарады. Бүл округтердің ішінде бірінші интернационалдын секцияларыньщ мүшелері жүмыс жасады. Үлттық гвардия кұрылды. Орталық комитет үйымдастырылды. Бүл белсенділіктерді буржуазия үнатпады. Олар бланкистерді түтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, карсылық болдырмауға әрекет жасалды. Елде бүл жылы қыс қатты болды, аштық пен күйзелушілік орын алды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкисттердің әрекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі әскер шығарып бұл көтерілісті басып тастағысы келді және үлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жұмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктан бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының берілуін сұраған жоқ, себебІ олардың берілмейтінін білді. Франциянын басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін сезді. Қай заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы — халық.
1871 жылы 18-қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Ұлттық сайлау өтті. Онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп Адольф Тьер бекітілдІ. Ол Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын, сол себептен ол тек өзі байыған үстіне баи беру арманынан таймаған.
1871 жылы 18 қаңтарда Айналы залда Герман империясы жарияланды, ал оның кайзері I Вильгельм болды. Аумағы 540 857 км², халық саны 41 058 000 адам, ал әскерінде 1 миллиондай адамы бар жаңа, қуатты, біріккен мемлекет — Герман империясы пайда болды.
1871 жылы 26-ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 млрд. франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.