From Wikipedia, the free encyclopedia
Т-72 «Орал» — КСРОның негізгі танкісі 1967 жылдан 1973 жылға дейін жобаланып, 1973 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Уралвагонзавод» зауытында жасалды. Танк ТМД елдерінің қарулы күштерінде қолданылады және Финляндияға, Үндістанға, Иранға, Иракқа, Сирияға экспортталды. Жалпы 30,000 Т-72 жасалды.
Т-72 танкілерінің бірнеше ондаған нұсқалары бар. Қазіргі таңда Т-72 танкілерінің әулетінің негізінде, Т-90А "Владимир" танкілері жобаланған.
Т-72 танкілерінің дамуы 1967 жылдан басталды. Әуел баста Т-72 танкілеріне, Т-64А танкілеріне орнатылған В-45 қозғалтқыштары орнатылды. 1969 жылдың қарашасында бұл жауынгерлік машиналарға қуаты 573 кВт (780 а.к.) в-46 қозғалтқыштары мен жаңа конструкцияның жүріс бөлігі орнатыла бастады. Көрсетілген өзгерістермен дайындалған үлгіге "Объект 172М" индексі берілді. Танк экипажы үш адамнан тұрады: механик-жүргізуші, зеңбірекші және командир, ол сонымен қатар оқтау машинасында оқ-дәрілерді жұмсағаннан кейін зарядтаушы ретінде қызмет етеді. Атылғаннан кейін ауаны жауынгерлік бөлімдегі газдардан тазарту және мұнарадағы люк арқылы гильзалардан паллеттерді шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Т-72 40 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Бұл танкті әлемнің ондаған елдері пайдаланады. Т-72Б — Т-72Б3 танкінің терең модернизацияланған нұсқалары, әсіресе Т-72Б3М — қазіргі заманғы соғыс талаптарына сәйкес келеді
Танкінің экипажы 3 адамнан тұрады: командир, механик-жүргізуші және нысанашы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.