Тиграхауда сақтары

From Wikipedia, the free encyclopedia

Тиграхауда-сақтар (парсышадан сүйір төбелі, бас киімді) — сақтардың негізгі үш тобының бірі.

Thumb

Олар б.з.б. VIII–II ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған.

Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон Тиграхауда-сақтарды “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (I Дарий патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде Тиграхауда-сақтар көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде Тиграхауда-сақтар моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы Тиграхауда-сақтардың материалдық-мәдениет жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік обасы мен Іле жағасындағы Бесшатыр – бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.