Термиттер
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Термиттер (лат. Isoptera) немесе аққұмырсқалар — жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамда тіршілік етуіне байланысты және әртүрлі құрылыстар салуға қабілетті болғандықтан "ақ құмырсқалар"деп атайды. Жанұяларында ерекше топтар-жынысты даралар (топ ұйтқысы-аналық пен жынысты жетілген аталықтар), жұмысшылар, солдаттар. Жұмысшылар- қанатсыз, көздері соқыр, былқылдақ денесінің тұрқы 2-15 мм. Жұмысшылар ғана өз бетімен қоректене алады. Өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтармен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшылар сілекей безінің өнімдері және нәжістерімен қоректендіреді. Термиттер отряды (Isoptera) 10 жыл өмір сүреді. Оның көбеюі жаз айларында ғана(3ай) жүреді. Олар бір күнде 30000 жұмыртқа салады.
Термиттер | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Coptotermes formosanus
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Жылу сүйгіш келеді, алайда көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5 метр биіктікте мұнара тәрізді көтеріледі. Жоғарғы жағында үңгір жолдар орналасқан,оларды топырақты өз нәжістерімен жасырып салған. Тропиктерде өмір сүретін термиттер бірнеше метр биіктіктегі илеулерін салады. Мұнда көптеген басқа да омыртқасыздар тіршілік етеді. Термиттер елді мекендерде құрылыстарға зор нұқсан келтіріп, балшықтан салынған үйлер мен ағаш тіреулерді бүлдіреді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.