From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазiргi теннистiң тарихы XIX ғасырдың екiншi жартысында бастайды. Дәл сол кезде "лаун-теннис" аталған ойын пайда болады, оның із ашары одан да көнерек, бөлме ішінде ойналатын ойын болған. Уимблдон турниры, осы кезге дейін сақталған ең көне теннис жарыс түрі 1877 жылдан бастап өткізіліп келеді, ал ұлттық құрамалар арасындағы тұнғыш жарыс - Дэвис кубогы - өзінің тарихын 1900 жылдан бастайды. Теннис Олимпиада ойындары программасының бөлігі болып 1896 жылы өткен I Олимпиададан бастап табылады, алайда, теннис және Олимпиада ойындары тарихында, тек 1988 жылы біткен, жартығасырлық үзіліс орын алған. Басында, теннис ресми түрде әуесқойлық спорт тұрі болып саналған, алғашқы кәсіпқой-ойыншылар тек XX ғасырдың 20-жылдары пайда бола бастады, ал 1960 жылдың соңынан бастап Ашық дәуір басталып кетті, оның шеңберінде барлық жарыстар әуесқой ойыншыларға да , кәсіпқой ойыншыларға ашық болып, ITF, ATP және WTA халықаралық ұйымдар меңгеру астында, бірнеше ірі циклге ("тур") бөлінді.
Қазiргi теннистiң негiзiн салушысы болып баспана ішіндегі ойын болып саналады, атауын XIX ғасыр ақырыны дейiн алып жүрген, ал қазiр Нағыз теннис, корт-теннис немесе жё-де-пом (фр. jeu de paume, "алақанмен ойын" дегенді білдіреді ) атымен белгiлi. 12 адамға дейiн бiр уақытта ойнай алатын[1], Жё-де-пом, XI ғасырда монастырьлерде пайда болғанға көрінеді. Ойынның алғашында, қол пелотасында сияқты допты қолмен тойтарған, кейіннен қолғаптар, бита және XVI ғасырда ракетка мен тор пайда болды. Сол уақыттың француз, испан, ағылшын корольдері ойнаған жё-де-пом де, дәл сол кезді әйгілі бола бастайды.[2] [3]
Теннистiң орта ғасырлық әдебиетiндегi өте белгiлi аталып өтулерінін бiрі Шекспирдін "Генрих V" тарихи хроникасында кездеседі, француз дофины жас ағылшын короліне қалжын ретінде теннис доптарына толы кішкене бөшке жібереді. Алайда Генрих V-ке жіберілген теннис доптар, Шеспирден бұрын, Гальфрид Монмутскийдін "История королей Британии" хроникасының жалғасында кездеседі, хрониканың өзі XV ғасырдың бірінші жартысына жатады.[4].
XVI ғасырда француз корольдерінің көбісі теннис ойнады: Франциск I королінің яхтасында теннис залы жабдықталған, Генрих II Луврде теннис залын салу туралы бұйрық берді, ал Карл IX 1571 жылы париждік теннис ойыншылар мен шеберлерге гильдия құқығын беріп, теннисті ханзадалар, пэрлар және мәртебелi адамдар шұғылдана алатын жаттығу түрлерінің ең асыл, сенiмдi және пайдалы түрі деп атады. Теннис Генрих VIII-дін де спорт түрі болды, ол осы ойынға Вестминстерде және Хэмптон-кортте залдар салды (соңғысы 500 жылға жуық алғашқы мақсаты бойынша қолданылады).[2] Корольдер мен монахтардан басқа теннис бұқара халықты да қызықтырды: ортағасырлық университеттер[3] залдар салды, ал қала тұрғындары теннис далада ойнағын. 1600 жылға қарай әр улкен қалада бірнеше залдан, ал Парижде 250-ден астам зал және мыңнан астам ашық корттар болды.[2]; 1604 жылғы бағалау бойынша, Францияда, теннис залдар шіркеулерге қарағанда 2 есе көп болған деген ой бар.[3]
Осыған қарамастан, теннис, өзінін көпжылдық тарихында таңдаулылардың ойыны болып саналды. Матч қатысушыларының аз саны және көрермендер үшін шектелген көру зоналары себептерінен, теннис шынымен халық көңiл көтеру ойыны бола алмады[2], жүз жылдан кейін Парижде тек 10 теннис залы болды, бәрінін сапасы нашар болған.[5] Теннис залдары басқа мақсаттарға қолданыла бастады, сонын ішінде театр труппаларының ойын көрсетуі үшін, «Оксфордская иллюстрированной энциклопедии театра» кітабына сәйкес, бұл құбылыс келешек театр залдарының формасын алдын ала анықтады.[3] Жё-де-помның сақталып қалған бір залы тарихқа, Үшiншi сословие Генералды штаттарынын депутаттары жиылған орны болып кірген, олар 1789 жылғы король жарлығы бойынша мәжiлiсханаға кіргізілбеген. Депутаттар өздерін Ұлттық Жиналыс деп жариялап, Францияда конституция қабылданғанша, осы залда кездесуге серік береді.[6] Қазіргі теннистін қарқынды дамуына қарамастан, жё-де-пом өзінін тіршілігін жойған жоқ. Бұл спорт түру 1908 жылдың Олимпиада ойындарында сайыс түрі ретінде кірді, ал жүз жылдан кейін әлемде 5000-ға жуық бас июші болған[3].
Қазіргі кезге дейін теннисті кім ойлап тапқанын сенiмдi түрде белгiсiз, бәрақ, ең көп таралған нұсқа бойынша, ойын негізін салушы майор Уолтер Уингфилд болды. Ол ойынды, Уэльстегі үйінде қонақтарын сергіту үшін ойлап тауып, 1873 жылы ойынның алғаш ережелерін жариялайды. Ойынға бір мезгілде 2 ат беріледі: «сферистика» (ағылш. sphairistike гр. σφαιριστική сөзінен, доппен ойын дегенді білдіреді) және «лаун-теннис» (ағылш. lawn tennis, көк шалғын теннис ). Негіз ретінде ол оған тұстас теннисті қолданды (біздің заманда нағыз-теннис). Уингфилд тапқан ойында, сол кезде танымал болған бадминтон ойынының әсерін де байқаса болады. Солай, алғашында корт ортасындағы тор ұзындығы бір жарым метрге жетіп, санақ әр геймде 15 ұпайға дейн болды.[7]
Қазіргі теннистін мүмкін әкелері ретінде, 1858 жылы теннис түрі, рэкетс ойының Бирмингем төніректерінде шөп газон үшін бейiмдендiрген, ал 1872 жылы жаңа ойын сүйетіндер клубын ашқан британдық Томас Генри Гем және испандық Аугурьо Перера айтылады.[8][9] Уингфилд ойыны пайда болған сон Гем өз ойынына ережелер жасап, оны пелота деп атайды, Уилмингтон клубы бұл ойынға Уингфилд ойлап тапқан ойын атынем бірдей атайды - «лаун-теннис».[10].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.