Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тегеран конференциясы (1943, 28 қараша – 1 желтоқсан) – халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбританияның мемлекеттерінің басшылары: И.В.Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран Конференциясының басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңес Одағы көтерді. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша Еуропада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі қаралды. Черчилль 2-майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын-америкалықтар әскерін Кеңес Армиясынан бұрын Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаға кіргізуді көздеді. Ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде – Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Оны Рузвельт жақтап, 2-майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылы мамырда ашылатын болды. Кеңес Одағы Қызыл Армияның ірі шабуылын осы кезге сәйкестендіруге міндеттенді. Тегеран Конференциясында Түркияның одақтас елдер жағында соғысқа қатысуы қаралды. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Кеңес Одағы Еуропадағы соғыс аяқталысымен Жапонияға қарсы соғыс ашуға келісті. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын “Дунай федерациясын” құру жөніндегі жоспарды қолдады. Кеңес өкіметінің өкілдері бұл ұсыныстарды қабылдатпады. Тегеран Конференциясында Иранның тәуелсіздігі туралы да сөз болды. Соңғы мәжілісте Польша шекарасы жөнінде біраз мәселе шешілді. Болашақ кеңес-поляк шекарасы мәселесіне келгенде Сталин Кеңес Одағының атынан 1939 жылғы шекараны мойындауды талап етті, бұл негізінен 1920 жылы Керзон ұсынған бағытқа сәйкес келетін еді. Бұл талап қабылданды. Сонымен Польшаның шекарасы шығыста Керзон линиясымен, ал батыста Одер өзені бойымен өтуі жобаланды. Тегеран Конференциясында Германияның, дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылысы, болашақта БҰҰ арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тегеран Конференциясы шешімдері соғыс барысында Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбританияның өзара әкери-саяси ынтымағын жоғ. сатыға көтеріп, келешектегі қатынастарды нығайтуға жол ашты. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.