From Wikipedia, the free encyclopedia
Таңдай — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Бақсай ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Таңдай | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°32′57″ с. е. 51°30′55″ ш. б.47.54917° с. е. 51.51528° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1932 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲1943 адам (2021) |
Этнохороним |
таңдайлық, таңдайлықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
Таңдай шекарасы
|
Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Бақсай каналының жағалауында Махамбет—Новобогат тас жолының бойында орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 2086 адам (1055 ер адам және 1031 әйел адам) болса, 2009 жылы 1913 адамды (957 ер адам және 956 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1943 адамды (1010 ер адам және 933 әйел адам) құрады.[2]
Таңдай селосының табан тасы «Бақсай» кеңшарының құрамымен бірге қаланды. 1930-шы жылдардың басында селода жаңадан тұрғын үйлер салу жедел қарқындады. Сарайшықтағы бұрынғы орыс байларының үйлері бұзылып, құрылыс материалдары Таңдайға өгізбен, түйемен жеткізілген. Селоның Таңдай аталуы жайында сөз етер болсақ өз кезінде аты шыққан Бабыл есімді байдың Айдай және Таңдай деген екі сұлу қызы болған. Үлкені Айдайға атақты Бала Ораз Өтебайұлы ғашық болыпты. «Салайын сол Ораздың Айдайына» деп келетін өлең жолдары осыны аңғартады. Айдайдың сіңлісі Таңдай қайтыс болып, биік төбеге жерленген. Осы жер қазіргі Таңдай селосы. Ауылда 2000 жылы 624 орындық жаңа мектеп үйі пайдалануға берілсе, мектеп жанында 75 орындық интернат жұмыс істейді. 40-қа жуық бүлдіршін тәрбиеленетін «Райхан гүлі» балабақшасы 2004 жылдан бері жылдық жүйеге көшірілген.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.