From Wikipedia, the free encyclopedia
Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.[1]
Тауықтәрізділер Қазбалық ауқымы: Эоцен-Recent, 45–0 Ma possible Late Cretaceous records | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gallus sonneratii
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Тұқымдастары | ||||||||||||
Cracidae |
Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі.
Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.