From Wikipedia, the free encyclopedia
Таудаған (лат. Celtis) – кенепшөп тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда тараған. Тастақты тау баурайында, жартас бетінде өсетін туыспен аттас бір түрі (кавказ таудағаны ) бар. Биіктігі 4 – 7 м. Діңі жылтыр, қабығы сұр түсті. Жапырағы қыртысты, жұмыртқа пішіндес, кезектесіп орналасқан, жиегі бүтін не ирек болады. Гүлі қос жынысты не дара жынысты, бір-бірден жапырақ қолтығында орналасқан, аталығы төртеу. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шар тәрізді сүйекше, жеуге жарамды. Таудағанның діңі қатты әрі мықты, ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланылады. Жас жапырағын мал жақсы жейді. Қабығы тері илеу үшін пайдаланылады.[1]
Таудаған | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қытай таудағаны
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
60–70 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.