Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Таран, немесе айланшөп (лат. Polygonum) – тарандар тұқымдасының бір туысы.
Таран | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
150-300 түрі белгілі |
Таран көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік болып та, кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Таранның 200-ге тарта түрі бар, мұның 130-дай түрі бұрынғы КСРО-да өседі. Мұның көбірек кездесетін түрлері: таутаран (Р. аlpinum, или Р. coriarium) — мұнымен теріні илеуге және бояуға болады; бояулы айланшөп (Р. tinctorium) — көк түсті бояу беретін шөптесін өсімдік; бұталы айланшөп (Р. dumetorum) — көбінесе жидекті бұталардың арасында, судың жағалауында және құмда өседі; зығырлық айланшөп (Р. linicola) — мұның тұқымын зығырдың тұқымынан ажыратуға болмайды, сондықтан бұл зығырдың арасында ғана арамшөп болып өседі; үшкірұшты айланшөп (Р. cuspidatum) — гектарынан 200 тоннаға дейін көк шөп беретін өскелең өсімдік. Малға азық болады. Тарбақ айланшөп (Р. divaricatum) — сыпыртқы тәрізденген ірі гұлшоғы бар, бал иісті шөптесін өсімдік; сахалин айланшөбі (Р. sachalinense) — жапырағы өте әдемі декорациялық өсімдік.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.