From Wikipedia, the free encyclopedia
Сәрінжіп Әзбергенұлы (1862-1935), ақын. Арғын тайпасы Қаракесектің Кәрсен руынан. Шет аударғандағы Тағылы тауының баурайында туған. Жастайынан өнер қуып ақындықты өзіне мұрат еткен. Атақты Нарманбет, Дия қажылардың тұрғылас замандасы. Сәрінжіптің көптеген өлеңі әлеуметтік теңсіздік тақырыбын қамтиды. Қазан теңкерісі басталысымен ақпен қызылдар арасындағы кескілескен ұрыстар жергілікті халыққа үлкен зобалаң туғызған болатын. Сол бірқатар түнек заманда Шу бойына қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтардың ата-мекенді қимай қоштасуы Сәрінжіп ақын: «Күн барма қайта оралар кең мекеңге, Бұл жерде бала туып, ер жетер ме, Жөңкіліп жаудан үркіп, аудық қой біз . Еркімен жерін тастап ел кетерме...» - деп суреттейді. Арқаға қайта оралған елмен бірге туған жерге жеткен Сәрінжіп ақын «Жастерек» ұжымшарын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ақынның шығармалары кағаз бетін көріп, жарыққа шықпаған Сәрінжіп өзі туған өңірде дүние салып , Тағылының баурайына жерленген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.