Сына жазуы, шумер жазуы – б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды шумерлер, аккадтықтар, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына жазбаларында сақталған.

Thumb
Туппум — Қыш тақтайшалардағы жазу Шуруппактан,
шам. 2600 б. д. б.

Сына жазуының нақты пайда болу мерзімі белгісіз, шамамен б.з.б. 4-мыңжылдықта қолданыста болған. Сына жазуы парсы жерінен және Месопотамия өңірінен табылған, олардың таңбалары бір-біріне өте ұқсас. Зерттеушілердің пікірінше, алғаш бұл жазу сына тәрізді болмаған, таңбаларда түрлі деректі, дерексіз бейнелер салынған. Алғаш 1621 ж. Италия саяхатшысы Пьетро делла Валле сына жазуын зерттесе, 1684 ж. Эгелберт Кемпфор көне парсы жазуының көшірмелерін жариялап, сына жазуы атауын алғаш ғылыми айналымға енгізді. Сондай-ақ дат ғалымы К.Нибур Персопольдағы жазуларды (1765 ж.), Г.Роулинсон мен Э.Хинкс парсы жеріндегі жазуларды қағазға түсірген. Парсы жерінен табылған сына жазуын Г.Гротефенд зерттеді, ол сөздердің көне парсы тіліндегі айтылуын ескере отырып, олардың айтылуы мен жазылуын салыстырды. Көне парсы жазулары қазіргі Шираз қаласына жақын маңдағы Дариуш (Дария) пен Хашуариш (Ксеркс) сарайлары қалдықтарын аршу кезінде түсіріліп алынған.

Сына жазуында жазылған әр түрлі құжаттар, сөздіктер және ғыл. еңбектер, мәтіндер сақталған. Сына жазуы түсірілген ескерткіштер призма, цилиндр, конус тәріздес әр түрлі формалы саз тақтайшалардан тұрады. Сына жазуылары бір жағынан, адамзат басынан кешкен көне тарихты танытатын зор білім қазынасы болса, екінші жағынан, оның бүгінгі кезде көп елдердің мәдениетіне, соның ішінде қазақтың ұлттық мәдениетіне тигізген ықпалы орасан зор.[1]

Әдебиет:

  • Дирингер Д., Алфавит, М., 1963;
  • Әміров Р., Әмірова Ж., Көне жазба ескерткіштер, А., 1995.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.