From Wikipedia, the free encyclopedia
Су жылан (лат. Natrix tessellata) – Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасының өзі аттас туысқа жататын жыланның бір түрі. Тауда 2800 м биіктікке дейін кездеседі. Суда жақсы жүзеді, су астында жарты сағаттан артық уақыт бола алады. Денесі біршама ірі, ұзындығы 140 см-дей, денесінің үстіңгі жағы сарғыш қоңыр, кейде көлденең салалы ұзын жіңішке жолақты, желке тұсы қара дақты болады. оптанып қыстайды. Көбеюі сәуір – мамыр айларында басталады. Маусым – шілдеде ұзындығы 3 – 4,5 см болатын 6 – 23 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан жыланның ұзындығы 15 – 22 см болады.
Су жылан | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Natrix tessellata (Laurenti, 1768) | ||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||
Coronella tessellata Laurenti, 1768 |
Қазақстанның оңтүстік аймағына таралған. Арал теңізі, ағысы қатты тау өзендерінің жағалауларын, қамысты көлдерді мекендейді.
Негізінен балықтармен, бақа, құрбақалармен, ұсақ кемірушілермен, кейде құстармен де қоректенеді. Ұстаған жемін тірілей жұтады. Су жыландар балық өсіретін питомниктерге, уылдырық өсіретін шаруашылықтартарға зиян келтіреді. Усыз жылан, сондықтан адамды шаққаны қауіпті емес.[2]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Natrix tessellata |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.