From Wikipedia, the free encyclopedia
Суэц каналы (араб. قَنَاةُ ٱلسُّوَيْسِ; Қанату әс-Сувайс) — Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – Каир – Ніл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбегін бөліп жатыр).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.