From Wikipedia, the free encyclopedia
Сорбұлақ – Күрті және Қаскелең өзендері суайрығындағы тұндырма көл.
Сорбұлақ | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 622 м |
Өлшемі | 33 × 10 км |
Ауданы | 55 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 66 км |
Тереңдігі | 22 м |
Су алабы | |
Құятын өзен | Қаскелең |
Орналасуы | |
43°41′08″ с. е. 76°35′21″ ш. б.43.68556° с. е. 76.58917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Аудан | Іле ауданы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Алматы облысы Іле ауданының батысында, теңіз деңгейінен 622 м биіктікте жатыр.
Аумағы 55 км², ұзындығы 33 км, енді жері 10 км, жағалау бойының ұзындығы 66 км-ге жуық, ең терең жері 22 м, жылына 1 млн. м³-ге дейін су қабылдай алады. Шөккен тұнбаның қалыңдығы 1,5 м. Суының құрамында темір 1400 т, мыс 42,1 т, мырыш 26,2 т, қорғасын 28,9 т, кадмий 26,9 т. Бойлық бағытта созылып жатқан Сорбұлаққа оңтүстігінен Қаскелең өзенінің бір тармағы құяды. Жағалау бойында қамыс өскен. Көлді биіктігі 10–15 м болатын құм төбелер қоршап жатыр. Шығысында Қаратөбе шоқысы (764 м) орналасқан. Батысымен Ақсай – Күрті – Ақши автомобиль жолы өтеді. Тұндырма Сорбұлақ көлі Алматы қаласының өнеркəсіптік жəне коммуналдық шаруашылықтан қалған ақаба суларын жинайды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.