From Wikipedia, the free encyclopedia
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | Kozybayev University |
Бұрынғы атауы | Петропавл педагогикалық институты |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1937 |
Түрі | Мемлекеттік университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Петропавл |
Мекенжайы | Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86 |
Әкімшілік | |
Ректоры | Исақаев Ербол Маратұлы |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 6 мыңнан астам |
Сайты | https://ku.edu.kz/ |
өңдеу |
1937 жылы аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих.
1939 жылы Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді.
1945 жылы Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді.
1955 жылы Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институты Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылды.
1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы ашылды. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық.
1994 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды.
1994 жылы Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды.
1996 жылы Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледж Солтүстік Қазақстан университеті ретінде біртұтас жоғары оқу орны болып қосылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2020 жылғы 1 шілдеден бастап «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылдың 25 мамырдағы №315 бұйрығы негізінде).[1]
Білім беру 8 факультетте жүргізіледі:
2006 жылы университетке Петропавл қаласының Абай көшесі 16 мекенжайында орналасқан тарих және сәулет ескерткіш-ғимараты берілді. 2010 жылдан бастап бұл нысанда жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта университет мұражайының жөндеуден өткен залдарында экспозициялық құрал-жабдықтар орнатылған.
СҚМУ мұражайының ашылуы 2011 жылдың наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеудің кешенді іс-шараларына сәйкес орайластырылды.
Бірінші қабатта демонстрациялық зал, М. Қозыбаев залы, археология және этнология залы. Екінші қабатта мұғалімдер институты, педагогикалық және политехникалық институттар, Солтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ залдары және қор сақтау, материалдарды жинақтау мен қызметкерлер кабинеті орналасқан. [3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.