Солтүстік Мұзды МұхитЖер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн. км², суының көлемі 18 млн. км³. Орташа тереңдігі 1220 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың орта тұсында Солтүстік полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі.

Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда қара ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашында белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба Жоталары т.б тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен Қаласының аралығында көптеген салалар келіп құядыю Бұлардың ішіндегі суы моләрі ең ірісі - Бұқтырма өзені.

Бөлінулері

Физика-географиялық ерекшеліктеріне және геологиялық құрылысына қарай негізгі 3 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Европалық алап (Гренландия, Норвегия, Баренц және Ақ теңіздер), материктік қайраңға таяу жатқан теңіздер (Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Чукот, Бофорт, Баффин теңіздері және Гудзон шығанағы), Арктикалық алап - мұхиттың орталық терең бөлігі. Ірі аралдары мен архипелагтары: Гренландия, Исландия, Канаданың Арктикалық архипелагы, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Жаңасібір аралдары. Аралдарының жалпы ауданы 4 млн. км².

Түбінің рельефінде кең материктік қайраң (1200-1300 м-ге дейін), су асты жоталарымен Гаккель (ең саяз бөлігі 400 м), Ломоносов (954 м), Менделеев (1500 м) бөлінген тік материктік беткейлер және терең шұңғымалар [Нансен (5449 м), Амундсен (4321 м) Макаров (3940 м), Канада (3838 м)] ажыратылады. Климаты арктикалық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда Атлант мұхиты мен Солтүстік Европа алабының шегінде - 2°, -4° С-тан - 32°С-қа дейін, Арктикалық алапта -40°С; шілдеде Арктикалық алапта 0°, -1° С, теңізде 4°, -6°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 75-300 мм. Қыста мұхит айдынының 9/10 бөлігін көп жылдық мұз (орташа қалыңдығы 3 м-дей) басады. Жарты тәуліктік толысуының биіктігі 1 м, ең биік жерінде (Баренц теңізінде) 6,1 м. Ағыс жылдамдығы 2,0-5,0 м/сек-тан 10,0-20,0 м/сек-қа дейін. Өсімдік және жануар дүниесі арктикалық және атланттық түрлерден қалыптасқан. Фитопланктонның (негізінен диатомды балдырлар) 67 түрі кездеседі. Мұхит түбін фукус, ламинария, алярия т. б. алып жатыр. Зоопланктонның 300 түрі бар. Балықтардың солтүстік атлант түрлері (май шабақ, треска, пикша) және кит, морж, ит балық, ақ аю тіршілік етеді. Солтүстік Европа алабындағы теңіздерден, Баффин теңізінен балық және аң ауланады. Солтүстік Мұзды мұхитың транспорттық маңызы күшеюде (Солтустік теңіз жолы, Солтустік-Батыс теңіз өткелі). Маңызды теңіз порттары - Мурманск (Баренц теңізі), Кандалакша, Беломорск, Архангельск (Ақ теңіз), Диксон (Кара теңізі), Тикси (Лаптевтер теңізі), Певек (Шығыс Сібір теңізі), Тромсё және Тронхейм (Норвегия теңізі), Черчилл (Гудзон шығанағы).[1]

Бойлық-ені: 90° N 0° E

Thumb
Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы

Теңіздері

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.