Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Серік Имантайұлы Жақсыбаев (21.4.1934 жылы туған, Новосібір облысы Довольное ауданы Довольное ауылы) - тау-кен инженері, өлкетанушы, профессор Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1987).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан[1].
Павлодар қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін (1952), Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 1957) бітірген.
Қарағанды қаласындағы №31 шахтада тау-кен шебері (1957- 58), Екібастұз қаласындағы тас көмірді ашық әдіспен өндіретін кәсіпорындарында тау-кен шебері, нормалаушы, бөлім бастығы (1958-69), Екібастұз қаласы партия комитеті өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі (1969-70), Екібастұз тас көмір бассейніндегі «Богатырь» көмір қимасында еңбек және жалақы бөлімінің бастығы, бас экономист, директордың экономика жөніндегі орынбасары (1970-94) болып жұмыс істеді. 1963-67 жылы «Иртышуголь» тресінің көп таралымды «Угольный Экибастуз» газетінің редакторы міндетін қоса атқарды, 1967-80 жылы Қазақ КСР Жоғарғы сотының халық заседателі болды, 1980 жылы Қазақстан ғылым академиясының Экономика институтында «Роторлы экскаватормен көмір өндірудің экономикалық тиімділігі» атты тақырыпта диссертация қорғап, экономика ғылым кандидаты ғылыми атағын, 1983 жылы КСРО Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері атағын алды.
1994 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. 1994—2008 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженер-техника институтында проректор, экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі болды. 1995 жылдан Екібастұз қаласының құрметті азаматы. 1997 жылы ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі болып сайланды. 72 ғылыми еңбектің, 3 монографияның, 9 кітаптың, оның ішінде «Қаржас ұрпақтары» атты шежірелік-танымдық жинақтың, 627 әр түрлі тақырыптардағы мақалалардың авторы. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің шешімімен «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі берілді. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.