Серік Жәмекұлы Оспанов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Серік Жәмекұлы Оспанов (1964 ж. т., Атырау қаласы) – инженер-механик, әкімшілік қызметкері[1]
Remove ads
Remove ads
Білімі
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы технологиясы, металл кесуші құрылғылар мен аспаптар факультетін (1986) механик-инженер мамандығы бойынша; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг және коммерция факультетін (2000) маркетолог-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Өмірбаяны
- 1964 жылы 1 шілдеде Гурьев қаласында туған. Қазақ.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).
- 1986 жылдан - Шевченко қаласындағы «Маңғышлақмұнай» өндірістік қызмет көрсету бірлестігі Орталық базасында жөндеуші-слесарь.
- 1987 жылдан - Шевченко қаласындағы арнайы техникалар мен аспалы аспаптарды жөндеу және жалға беру жөніндегі өндірістік қызмет көрсету Орталық базасында жөндеуші-слесарь, шебер, аға механик.
- 1989 жылдан - Шевченко қаласындағы ЛКЖО қалалық комсомол ұйымдары комитетінде бөлім меңгерушісі.
- 1990 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ комсомол комитетінде хатшы.
- 1991 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Компартиясы Шевченко қалалық комитетіндегі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Комиссия төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.
- 1991 жылдың қыркүйек айынан - қалалық атқару комитетіндегі табиғатты пайдалану, экология және өнеркәсіптік өндіріс бөлімінде энергетика мен байланыс мәселелері жөніндегі аға маман.
- 1992 жылдан - Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының көмекшісі.
- 1994 жылдан - Ақтау қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
- 1996 жылдан - Ақтау қаласының әкімі.
- 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
- 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
Remove ads
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006); «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» (1999), «Өзен кен орнына 40 жыл» (2005), «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» (2005) естелік төс белгілерімен марапатталған.
Жеке өмірі
Ақтау қалалық Футбол федерациясының президенті. Әскери атағы - запастағы подполковник. Хоббиі - бильярд, музыка, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, психологиялық драмалар. Қазақ, орыс және ағылшын (базалық) тілдерін біледі.
Әкесі - Оспан Жәмек, журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Анасы - Сармолдаева Нағима, медицина қызметкері.
Үйленген. Жұбайы - Оспанова Гүлмира Қалиқанқызы (1966 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Оспанов Нұрсері Серікұлы (1989 жылы туған); қызы - Оспанова Нағима Серікқызы (1994 жылы туған).[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads