Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сексеуiл —( лат. Haloxylon) діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.
Сексеуіл | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.
Ана бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылды тiлге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама. Қосқұдық орман мекемесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда Жамбыл облысының Шу қаласына жақын орын тепкен Ақкөл елдi-мекенi арқылы күн сайын 90 жүк автокөлiктерi заңсыз қырқылған сексеуiлдердi алып өтедi екен. Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейiн 1630 текше метр жердiң сексеуiлдерi кесiп алынды. Өкiнiштiсi сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейiн, сол жылдың өзiнде-ақ облыс көлемiнде сексеуiлдiң санитарлық кесу көлемi 8701 текше метрге өсiп кеттi. Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Соншалық көлемдегi сексеуiлдердiң ауырып, шiруi мүмкiн емес қой. Негiзiнен Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуiлдi алқаптарды аралап, кесу лимитiн нақты анықтауы қажет едi. Олардың түрлi себептермен (көлiктердiң аздығы, жанар-жағар майдың жетiспеушiлiгi) алқаптарға жиi-жиi барып, қадағалап тұрмауынан осындай келеңсiздiктерге жол берiлген. Қоршаған ортаны қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда, бүгiнде кейбiр алыс қашықтықтардағы елдi-мекендерде сексеуiл кесушiлердiң жасырын пункттерi бар көрiнедi. Олардың анықталғандарына салынған айыппұл заңсыз табыстарынан әлдеқайда төмен. Браконьерлiк iске дәндеп алғандар айыппұл төлегенмен көлденең табыстарынан тартынар түрлерi жоқ. Қайта үдете түскен тәрiздi. Сексеуiлдi заңсыз кесушiлерге неге жол берiлiп отыр? Өйткенi сексеуiлдер күнi бүгiнге дейiн "Қызыл кiтапқа" кiрмеген. Сондай-ақ, оларды дайындау лицензияланбаған әрi сертификацияланбаған. Мiне, осыдан барып оларды заңды, заңсыз кесу шамадан тыс көлемге артып отыр. Өткен жылы Республика Үкiметi 2002 жылғы қаулыдан кейiн сексеуiл қорғаушыларының iсiн қанағатсыз деп тауып, қылқанды ағаш түрлерiн он жылға дейiн кесуге тыйым салған болатын. Алайда сауда орындары маңындағы, базарлардағы шашлык сатушылардан сексеуiлдер үзiлер емес. Тiптен базарларға кiре берiс көшелерден белiнен буылған сексеуiлдердi көрiп қайран қаласың. Сонда бұлар қайдан келiп жатыр? Қытайдан емесi анық. Республикада 2005 жылға дейiн сексеуiл өсетiн алқаптардың статусы көтерiлмедi. Сол алқаптарды Үкiмет қорғауға алынған қорық не ұлттық парк деп жариялауына болар едi. Өкiнiшке орай қараусыз қалды. Әсiресе Балқаш көлi маңындағы 1,5 млн. гектар жердiң сексеуiлiн қорғауға алу жөнiнде қаншама ұсыныстар жасалынды. Үлкен қала Алматының iргесiнде болғандықтан да қорғаудың шараларын күшейту керек едi ғой. Ал Бақанас орман және аңдар әлемiн қорғау мекемесiнiң бұл ауқымды шараларды атқаруға шамасы жетпедi. Сол жылдары мұндай жағдай Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алды. Өткен жылдың қыркүйек айында Әлемдiк банктiң (Всемирный банк) "Қазақстан Республикасында орманды сақтау және орманды алқаптардың көлемiн ұлғайту" жөнiндегi бағдарламасының таныстыру рәсiмi болды. Бұл жобаның құны 63,8 миллион доллар. Алты жылға есептелiнген. Оның 28,8 миллионы бiздiң республика бюджетiнен алынады. Әлемдiк банктiң қосқан 30 миллион займы кейiн қосымша өсiмiмен қайтарылады. Ал 5 миллионы грант ретiнде қайтарымсыз қаржыландыруға жатқызылған. Бұл жоба үш жыл бойына қаралып, әбден пысықталып осылай тиянақталса керек. Дегенмен бiлiктi жандардың айтуына қарағанда, бұл iстiң әртүрлi салаларына отандық орман мамандары тартылса да, жобаның ең соңғы редакциясына олардың бiрқатар ұсыныс-пiкiрлерi кiрмей қалған. Бiраз тұстары түсiнiксiздiк туғызатын секiлдi. Сексеуiлдi алқап та орманға жатады. Алайда "Казлеспроект" кәсiпорнының директоры Алдаберген Кесiмбаевтың бағдарлама жөнiнде өзiндiк пiкiрi бар. Оны орынсыз деп айту қиын. Ол бағдарлама бойынша Арал теңiзiнiң тартылған табанына көшеттер отырғызуға жұмсалатын қаржының тиiмдiлiгiне күмән келтiредi. Өйткенi жергiлiктi мамандардың сексеуiл көшеттерiн отырғызудағы көпжылдық iс-тәжiрибесi бұл iстiң өте қымбатқа түсетiнiне кәмiл сендiрiп отыр. Олардың зерттеуiнше 1993 жылы 48 мың гектар теңiз табанына отырғызылған сексеуiл көшеттерiнiң 80 пайызы өспей қалған. Қалғандары да жоғалып кету алдында тұр. Ол қайта сол қаражатты қылқанды жапырақты орманды алқаптардың көлемiн ұлғайтуға жұмсауды ұсынады. Ал сексеуiлдi табиғи өсiмiмен көбейтуге болатынын алға тартады. Оған Қызылорда облысының Қазалы ауданынан дәлел келтiрген. Өткен он алты жыл iшiнде қолдан отырғызылған сексеуiлге қарағанда табиғи өскендерiнiң көлемi әлдеқайда ұлғаййыпты. Қолдан отырғызылған сексеуiл алқабы соның үш-ақ пайызын құрайды екен. Оны күтiмге алғанның өзiнде 72 пайыз көшет өспей қалған. Мұндай жағдай Алматы облысының Бақанас орман мекемесi iстерiнен де байқалады. Әлемдiк банк бағдарламасының қалай iске асатынын алдағы уақыт көрсете жатар. Мүмкiн олар шетелдiң бiлiктi мамандарын iске тартып, көшеттердi отырғызып, өсiрудiң тиiмдi тәсiлдерiн табар. Онда құба-құп. Әзiрге қолдағы барды бағалап, сексеуiл алқаптарын браконьерлерден қорғауды күшейтiп, табиғи өсiмiне жағдай жасау қажет-ақ секiлдi. Ең бастысы оны "Қызыл кiтапқа" кiргiзiп, заңды қатайтпай құмды өлкенiң ажары кiре қоймасы анық.
Сексеуіл орманы - Орта және Орталық Азияның Иран мен Ауғанстанның шөлдерінде кездесетін сексеуілдің аласа орманы.
Қазақстанда сексеуіл орманы 6,1 млн. га аудан жерді алып жатыр. Осы территорияның 70%-ға жуығын (4,4 млн. га) қара сексеуіл, 30%-ын (1,7 млн.га) ақ сексеуіл (Наloxylon persicum Bunge), ал зайсан сексеуілі (Наloxylon ammodendron. C.A. Mey) бірнеше мың ғана аумақты алып жатыр.
Қара сексеуілдің көп бөлігі Алматы, Жамбыл облыстарында өседі.
Қара сексеуіл ылғалы жеткілікті ортада да, жер асты суы немесе одан да көп тереңдікте орналасса да өсе береді. Ол ақ сексеуілге қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден аса тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Қара сексеуiлдiң жас, әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне де пайдасын көп тигiзедi.
Сексеуілдің барлық түрі бір-бірінен өзінің белгісі бойынша ажыратылады. Атап айтса, қара сексеуілдің діңі қисық болып келеді, кейде айқын көрінген бірнеше діңі бар бұта пішіндес болады. Қабығы сұр түсті, жылтыр, бір жылдық өркендері сулы, қою-жасыл түсті, дәмі қышқыл-тұзды, күзде олар қызғылт-сұр түске енеді. Алыстан көз салғанда, сексеуіл қара-сұр түсті боп көрінеді, бұл түрдің қара сексеуіл атануы да сондықтан болар.
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ақ сексеуіл тараған.
Ақ сексеуіл құрғақ борпылдақ немесе біршама тапталған құмды жерлерде өседі. Биіктігі 1,5-2,5 метрге дейiн жететiн өсімдік. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Оның жас бұтақтарын түйелер жейдi. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары.
Ақ сексеуіл, қара сексеуілге қарағанда бұта іспеттес, қалың болып өспейді. Қабықтары ашық, кейде тіпті ақсары түсті, желегі селдір, ашық-жасыл түсті, жіңішке, әрі сулы емес, есесіне қатты өркендері болады. Дәмі ащы-тұзды, күзде ақшыл-сұр, кейде тіпті сап-сары болады.Сексеуілдің бұл түрі тұзға аса төзімді емес, бірақ өте құрғақшылыққа, ыстыққа шыдамды. Тағы бір ерекшелігі, діңдері құмға көміліп қалса да, ештеме болмағандай сол жерден жанама тамыр түзеді. Бұл қасиет қара сексеуілде жоқ.
Зайсан сексеуілі Қазақстанның шығысында – Зайсан көлі бойында және Жоңғар қақпасында кездеседі.
Зайсан сексеуілі шөлейттің қиыршық тасты топырағында өседі. Ол Қытай мен Моңғолияда да кездеседі.
Қазақстанда аз таралған Зайсан сексеуілі биіктігі 2,5 м-ден аспайтын бұта түрінде өседі. Бұтағының қабығы ашық-қоңыр, жас өркендерінікі – ашық-жасыл түсті. Жалпы биологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы бойынша ол қара сексеуілге жақын, яғни аптап ыстыққа, аязға төзімді, оны тек тұқымының пішіні арқылы ғана оңай ажыратуға болады, яғни қара сексеуілдікі домалақ болса, Зайсан сексеуілінің қанатты тұқымының пішіні жүрек тәріздес болып келеді.
Жалпы жоғарыда аталған сексеуіл түрлері иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, кем емес. Сексеуiл қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше рөл атқарады. Қатты соққан дауылды желден құм көшкінiн тоқтатады. Сексеуiлдi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе, түз тағысы киiкке сексеуiлдің арасы өсiп-өнулерiне өте қолайлы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.